ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017

Испания Корольдігі павильоны 200 000 қонағын қарсы алды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бел ортасынан асты.

Испания Корольдігі павильоны 200 000 қонағын қарсы алды

Кеше EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бел ортасынан асты. Дәл осы күні Испания корольдігі павильонында екі жүз мыңыншы қонағын қарсы алды. Ол шырайлы Шымкент қаласынан келген 53 жасар зейнеткер - Майра Ахметова болды.

- Бүгін EXPO-2017 көрмесін аралауға немерем Айсумен бірге келдім. Өзім Испанияда болмасам да, павильон өте ұнады. Мамандандырылған көрмеден алған әсерім керемет, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Испания павильонына ерекше қонақ болғаныма қуаныштымын, - дейді Майра Құрманбекқызы.

Испандық ұйымдастырушылар екі жүз мыңыншы қонаққа сертификат пен түрлі сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік, Испания Корольдігі Көрмеге «Ғаламшарға арналған энергия» тақырыбымен қатысуда. Павильон өз келушілерін жаңғыртылатын энергияны қолдану арқылы кеңістік пен уақытты кезіп өтетін қызықты саяхатқа шақырады. EXPO-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.