Бокс • 29 Шілде, 2017

Головкин Альвареспен болатын кездесуінде өзінің барлық атақтарын қорғайды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің 16 қыркүйек күні Альварспен болатын кездесуінде өзінің барлық атақтарын бәске тігетіндігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин Альвареспен болатын кездесуінде өзінің барлық атақтарын қорғайды

«Головкин WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша өзінің барлық атақтарын қорғайды. Ол «Канеломен» кездесуі барысында сондай-ақ өзі қорғайтын атақтардың тізіміне The Ring журналындағы титулын да қоспақ. Бұл кездесудің жанкүйерлердің көңілінен шығатындығына сенімдіміз. Бұл дивизиондағы ең үздік боксшылардың нағыз бабындағы кездесуі сонымен қатар әлемдегі сатылымы ең жоғары шеберлердің жұдырықтасуы»,-деді Леффлер. Промоутердің сөзін Boxingscene.com сайты келтірді.

Айта кетейік, «Канело» осыған дейін WBA мен IBF нұсқалары бойынша ғана таласатындығын, сондай-ақ өзінің «The Ring» журналының нұсқасы бойынша желілік әлем чемпионы атағын «бәске» тігетіндігін мәлім еткен болатын.