ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017

Семейліктер көрмені тамашалады

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Арқа төсіндегі еңселі елордамыз  Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмеге ұлы Абай туған киелі топырақтан бірлігі жарасқан бір топ этнос өкілдері барып қайтты.

Семейліктер көрмені тамашалады

Қалалық Достық үйі­нің директоры Берік Көпбаев­тың айтуынша, олар ең алды­мен түрлі этномәдени бірлес­тіктердің өкілдерін ЭКСПО-2017 көр­месіне бару үшін тегін билеттер­мен қамтамасыз етіпті. Ал «Айша Бибі» ұлт­тық мәдени орталығы өз­дерінің қолөнер туын­дыларын этноауыл­да ұсынып, ұлттық бұйым­дарын шетелдік қонақтар тамашалауда екен.
– Елордамыз Астана елі­міздің жүрегі, халқы­мыз­­­дың символы, –дей­ді Берік Көпбаев, – от­басы құн­­ды­лығы мен ұлт­тар ара­сын­дағы ауызбірлік – бү­гінгі Қазақ­стан қо­ғамы­­ның ең басты бай­лы­ғы. Біз­дегі неміс, корей, орыс және өзбек, татар аға­­йын­дардың бар­лы­ғы ЭКСПО-2017 көрме­­сін та­маша­лаған­дықтары­на риза болып отыр. Семей­д­егі талай ұлттың ортақ ұя­сына айнал­ған Достық үйін­­де құ­рыл­ған Қоғамдық келі­сім кеңе­сі­нің жұмыс істе­ге­­ні­не де неб­әрі 2 жыл. Ұлт­тар ара­сын­дағы бір­лік, ата дәстүр, тіл мен мәде­ниет­т­ің сақ­талуын, қоғам­дық келісімді жақ­тайтын ке­ңес күні бүгінге дейін өз ара­­ларында 12 отырыс өт­кізді.
Өзбектің әлеуметтік-мәде­ни «Буйук келе жақ» этноорталығы жетекші­лері Роза Хакимовамен бірге көрмені тамашалап қана қоймай, сол күні Өзбекстан елшілігімен де кездескен екен. Шығыс Қазақстан об­лысында 1051 өзбек аға­йын бар екен. Түрлі ұлт­тық сыйлық­тарын ел­ші­ліктегілер семейлік өзбек­тер­ге сыйға тартыпты. Алдағы уақыт­та Қазақстандағы өз­бек орталықтарымен Өз­бек­­с­тан үкіметі тығыз қарым-қатынас орнат­пақ­шы.Осының бәрі кең-бай­тақ қазақ даласын мекен­деген өзге ұлттарға де­ген құрмет деп білемін, дейді Роза Хакимова. 

Раушан НҰҒМАНБЕК

СЕМЕЙ  

Суретті түсірген автор