ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017

Жаңғырмалы энергия өндіруде рекорд жаңартқан

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ЭКСПО-2017 көр­месінің ұлттық сахнасында Парагвай мемлекеті төл мереке­сін тойлады. Дәстүр­лі шарада қос ел­дің мемлекеттік әнұра­ны шырқалып, мем­ле­кеттік туы көтеріл­ді. Парагвай­лық өнер­паздар көрме көрігін қыздырып, қо­нақ­тар­ды ән-биімен там­сандырды.

Жаңғырмалы энергия өндіруде рекорд жаңартқан

Оңтүстік Американың қақ ортасында орналасқан бұл мемлекет тікелей теңізге шыға алмайды. Алайда ел аумағынан өтетін Парана өзенін өз пайдасына ұтымды пайдалануда. Мұнда әлемде үлкендігі жағынан екінші орында тұрған Итайпу су электр стансасы орналасқан. Оның өндірістік қуаты – 14 мың мегаватт. Оған қоса Якирета және Акарай су электр станса­лары бар. Осының арқасында Парагвай энергияның 99,6 пайызын жаңғырмалы қуат көздерінен алады. 
Салтанатты рәсімге ар­найы келген мәртебелі мей­мандар сөз алып, көрме­­нің мән-маңызына тоқталды. «Қазақ­стан тарапына халық­ар­алық маңызды шараға біз­ді шақырғаны үшін ал­ғыс айтамын. Көрменің тақыры­бы да ұтымды таңдалған. Бүгін­гі таңда жасыл энер­гия­ға көшу жаһан үшін және халық­аралық қауымдас­тық үшін өзекті мәселенің бірі. Ал біздің еліміз әлем­де баламалы қуат көзін өндіру және экспорттау бойынша көш басындағылар­дың қатарында. Өткен жылдың соңында Бразилиямен ара­да­ғы Итайпу су электр станса­сы сағатына 100 млн мегаватт қуат өндіргенін мақтаныш­пен айтамын. Бұл – әлем­дік рекорд», деді Парагвай­дың сыртқы істер министрі­нің орынбасары Оскар Кабельо Сарубби.