![Әлем көкпаршылары Астанада...](/article_photo/1501473297_article_b.jpeg)
Әуелі чемпионатқа қатысатын 12 команда екі топқа жіктелді.
«А» тобына: Қырғызстан, Өзбек-
стан, Түркия, АҚШ, Тәжікстан, Моңғолия көкпаршылары;
«Б» тобына: Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Венгрия, Қытай, Ауғанстан көкпаршылары топтастырылды.
Жарыс 21 тамыз күні таңертең басталатын болды. Доданың алғашқы күні Қырғызстан – Моңғолия, Қазақстан – Ауғанстан, Өзбекстан – Тәжікстан, Әзербайжан – Қытай, Түркия – АҚШ, Ресей – Венгрия елдерінің көкпаршылары өзара мықтыны анықтаса, жарыстың екінші күні Моңғолия – АҚШ, Тәжікстан – Түркия, Қырғызстан – Өзбекстан, Ауғанстан – Венгрия, Қытай – Ресей, Қазақстан – Әзербайжан құрамалары кездеседі.
Жарыстың үшінші күні Өзбекстан – Моңғолия, Түркия – Қырғызстан, АҚШ – Тәжікстан, Әзербайжан – Ауғанстан, Қазақстан – Ресей, Венгрия – Қытай командалары арасында мықтылар анықталады. Чемпионат түзілген кесте бойынша әрі қарай жалғасып, айдың 24-25-і күндері ширек және ақтық ойынға шығатын командалар анықталды. Қорытынды сайыс 26 тамызға жоспарланып отыр.