31 Шілде, 2017

Әйгерімнің қобдишасы

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әйгерімнің қобдишасы

Семейдегі Абайдың «Жиде­бай-Бөрілі» мемлекет­тік қорық-музейі құнды жәдігермен толықты. Абай ауданы­ның іргетасын қалау­шылардың бірі, Шәкәрім қажының көзін көрген Кен­жетілеу Доланбекұлының баласы Айдар ұлы ақынның екінші әйелі Әй­герімнің Бәтет Әзімханқызына сыйға тарт­қан қобдишасын музей қоры­на тапсырды. Бұл сыйлық­тың иесі Бәтет апамыз – руы Жігітек, «Абай жолында» аты аталатын Бөжей­дің ұрпағы екен. «Бізге құнды жәдігерді әкеліп тапсырған Ай­дар Кен­жетілеуұлы­ның айтуынша, Бәтет Әзімханқызы Ырғыз­бай ауылына келін болып түскен­де бұрынғының салтымен ағайын-туыс кезектесіп, есік көрсету үшін жас келінді қонаққа шақырған. Сол кезде Әйгерім де Бәтетті өз шаңы­­рағына шақырып, дәм татты­рып, соңында осы қобдишаны сыйға тартқан. Онысы – «қуыс үйден құр шық­пасын», игілік­ке бастаған ырым болсын дегені болар», – дейді Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі дирек­торы­ның ғылыми жұмыстар жөнін­дегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.
Абайдың асыл жары Әй­герім­нің аялы алақанының табы қалған қобдишаны музейге тапсырған Ай­дар Кен­жеті­леуұлының анасы Ақлия – Бәтет Әзімханқызының туған сіңілісі екен. 1967 жылы Бәтет апамыз қобдишаны Айдар Кен­жеті­леуұлының әйелі Бақытқа бер­ген көрінеді. Семейдегі музей қыз­меткерлері көне­нің көзіндей болған қобдиша жуық арада жұрт назарына ұсы­нылатынын айтады. 
Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

СЕМЕЙ