
30 шілде күні «Эйр Астана» әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға қатынайтын КС 884 рейсін орындаған «Airbus A321» ұшағына рейсті орындау барысында әуеде құстар соғылған. Ұшақ Алматыдан сағат 22:25-те ұшып шыққан. Қауіпсіздікті ойлаған экипаж әуе кемесін қайтадан Алматы әуежайына қондыру туралы шешім қабылдады. Ұшақ 23-40-та Алматы әуежайына келіп қонды. Әуе компаниясының инженерлері ұшақты тексеріп шығып, оның қатты зақымданбағанын, ұшуға жарамды екенін анықтады. Осыдан кейін, ұшақ 00:55-те қайтадан рейсті орындауға әуежайдан ұшып шықты.
Әуе компания баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұшақтарға құстарды соғылуы өте қауіпті. 2017 жылдың басынан бері Алматы әуежайында ұшақтарға 7 рет құстар соғылған оқиға тіркелген. Соның бірінде, ұшақ зақымданған. Ал 2016 жылы әуежайларда 59 рет құстардың ұшаққа соғылған оқиғасы тіркелді. Соның 10-ында ұшақ зақымданды.