Қазақстан • 31 Шілде, 2017

Қостанайдан Қытайға ұнның бірінші партиясы жөнелтіледі

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдан Қытайға ұн экспортталады деп хабарлады Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы.

Қостанайдан Қытайға ұнның бірінші партиясы жөнелтіледі

Шілде ортасында Бейжіңде «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасы аясында өткен отандық өндірушілер жәрмеңкесінде қостанайлықтар жергілікті шығарылған тауарды таныстыруға және іскерлік әріптестер табуға мүмкіндік алды. Қазақстандық тараптан іскерлік миссияны ұйымдастырушы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы болды.

Жәрмеңкеге барлығы 13 отандық өндіруші, Қостанай облысынан «Қазторгтранс» ұн тарту кәсіпорны қатысты. Жәрмеңкеде қостанайлық өнімге бірден қытайлық үш кәсіпорын қызығушылық танытты.

«Біз даму үстіндеміз және тиісінше жаңа сауда нарығын іздеудеміз. Қытай бағытына жол көктемде «Атамекеннің» қолдауымен ашылған. Ал жәрмеңкеде өзімізді толыққанды көрсете алдық. Қытайда ұнды белгілі бір квота алған компаниялар ғана шығара алады. Қалғандарынан алынатын салық мөлшері жоғары. Бұл жерде біздің мүддеміз сәйкес келді. Өнімімізді экспорттау ниеті туралы меморандумға қол қойдық», - деді «Қазторгтранс» ЖШС менеджері Вероника Деревянко.

Тамызда қостанайлықтар келісім жасаған қытайлық фирмалар ынтымақтастықты талқылау үшін облысқа келеді. Осылайша, ұнның бірінші партиясы биіл жөнелтіледі. «Бұған дейін біз Өзбекстанға, Түрікменстанға, Ауғанстанға экспорттадық», - деді кәсіпкерлер