Медицина • 31 Шілде, 2017

Қарағандыда нәзіктік флешмобы өтеді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күні жүздеген әсем киінген көрікті қыздар көше бойын жағалап, қала тұрғындарына гүлдер мен кәдесыйлар таратады.

Қарағандыда нәзіктік флешмобы өтеді

Дәстүрлі нәзіктік флешмобы Қарағандыда жыл сайын 1 тамыз күні өтіп келеді. Биыл ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шерудің дәстүрлі бағыты мен форматына аздаған өзгеріс енгізілген.

– Біз биыл жылдағыдай саябаққа бармаймыз, - дейді ұйымдастырушы Юлая Горбачева. – Тәуелсіздік алаңына жиналамыз да фотоға түсеміз, одан кейін ары қарай «Арбат» сауда үйіне қарай барамыз. Ол жерде кішігірім би билейміз. Одан кейін барлық қатысушыларды бір-бірімен жақын танысып, білісіп, құрбыға айналуы үшін шәй ішуге шақырамыз.

Әдеттегідей шараға қатысушылар өздерімен бірге тарату үшін сыйлықтар ала келу керек. Бұл гүл, тәттілер, жемістер, кәдесыйлар тағы да басқа өз қолдарымен жасаған заттар болуы мүмкін.

Нәзіктік флешмобы – 1 тамыз күні өтетін халықаралық акция. Оның мақсаты – еш негізсіз адамдарға қуаныш сыйлау. Алғашқы флешмоб 2012 жылы өтті. Оған 9 мемлекеттің 90 қаласынан 1500 қатысушы жиналған болатын.