Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

Саудиттер әулетінің сыры

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мемлекеттік орталық музейін­де Сауд Арабия­сы­ның аса мәртебелі королі Фейсал ибн Абдулл-­Әзиз Әл Саудтың жеке жәді­герлерінің не­гі­зінде «Әл Фейсал: әділдік пен батылдық жолы» ат­ты көрме ашылды.

Саудиттер әулетінің сыры

Ел мен елдің байланысын бекемдеуге бағытталған мұндай бастамаларға Мемлекеттік орталық музейі ұдайы ұйытқы болып жүргені аян.

Бұл көрменің мәнісі мынада. Абсолютті монар­хиялық басқару жүйесін ұстанатын Сауд Арабиясы тарихының жарқын тұстарынан сыр шертетін көрмеде Сауд Арабиясының үшінші королі Фейсал ибн Абдул-Әзиз Әл Саудтың (1906-1975 жж.) тұтынған жеке заттары мен оған қатысты мұрағаттық құжаттар қойылды.

1964-1975 жылдары билік құрған Фейсал ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд  «Саудиттер» әулетінен шыққан. Саудиттер әулеті шамамен 1446 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда елдегі абсолютті билікке ие жалғыз отбасы, ал Сауд Арабиясы әулет атымен аталатын әлемдегі үш елдің бірі (басқалары – Лихтенштейн және Иордания).

Король Фейсалдың билігі жүрген дәуірдің мұра­сы ұлан-ғайыр: жаһандануға бағытталған ауқым­ды реформаларды жүргізудің нәтижесінде Сауд Ара­биясының қоғамы түбегейлі өзгергені белгілі. Елде жос­парлау жүйесі бекітілді, сол кезде қабылданған салмақты заңдарға Сауд үкіметі бүгінде де жаңа заң жобаларын дайындауда иек артады. Фейсал ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд өз елінде бірқатар ауқымды саяси және экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырып, елдің әлеуетін арттыруда үлкен іс тындырған кемел басшы, ұлы мәртебелі король болды. Осындай дарынды басшы, дара тұлғаның елі үшін тындырған әрбір ісі халықаралық деңгейде терең танып білуге, зерттеп зерделеуге әбден лайық.

Көрме Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Король Фейсал атындағы Исламдық зерттеулер орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.

Көрме екі ел арасындағы саяси-экономи­ка­лық ықпалдастықты нығайтуға, мәдени ынты­мақтастықты қалыптастыруға бағытталған.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ