Аймақтар • 01 Тамыз, 2017

Қалбатау ауылында әуенді субұрқақ ашылды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы орталық алаңда жарықтандырылған субұрқақтың ашылу рәсімі өтті.

Қалбатау ауылында әуенді субұрқақ ашылды

Шараға аудан әкімі Нұрлан Сыдықов, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, елді мекенге ерекше көрік берген субұрқақты тамашалады.

«Ауылдың ажарын ашқан бұл нысан жергілікті тұрғындарға ғана емес, аудан қонақтарына да қуаныш сыйлайды деп ойлаймыз. Әсіресе біз секілді жастар үшін ауданымызда осындай демалыс орындарының көп болғаны қуантады», деді субұрқақтың ашылу салтанатында жастар атынан сөз алған «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі Махаббат Санат.

Әуенді субұрқақ екі тостағаннан тұрады. Үлкенінің диаметрі 20 метрді құрайды. 200 су бүріккіштен тұратын субұрқақ 12 метр биіктікке дейін су шаша алады екен. 

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы