Аймақтар • 01 Тамыз, 2017

Солтүстік Қазақстанда «мектепке жол» акциясы басталды

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коммуникациялар қызметінің жергілікті  филиалында өткен брифингте білім басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко мен  ювенальды полицияның аға инспекторы Сайран Сәркенов еліміз бойынша бастау алған қайырымдылық акциясы аясында жергілікті жерлерде  атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы айтып берді.

Солтүстік Қазақстанда «мектепке жол» акциясы басталды

Олардың баяндауынша, «Балаларға көмек-менің таңдауым» ұраны бойынша ұйымдастырылатын шара барысында ата-ананың қорғауынсыз қалған жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға, аз қамтылған жандарға бірінші кезекте материалдық, қаржылық көмектер көрсетіледі.

Былтыр 8980 балаға 55 миллион теңгенің бюджеттік және бюджеттен тыс қаржылық демеу жасалған. Белгісіз себептермен мектепке бармаған 6 оқушы анықталған.

Қазір жалпы білім беретін білім үйлері мен ірі сауда орындарында гуманитарлық көмек  беретін орталықтар құрылып, жеке адамдар, кәсіпкерлер қаржылық, заттай қол ұштарын беруде. Сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті қоры атынан қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілген 900 жинақ тапсырылатын болады.

«Жыл басынан оқуға ынта-ықыласы жоқ 101 оқушы анықталып, есепке қойылды. Тұтастай алғанда, есепте 255 кәмелетке толмаған жасөспірім тұр. Олардың 55-сі әртүрлі себептермен мектеп есігін ашпаған», дейді  аға инспектор Сайран Сәркенов.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»