12 Қазан, 2011

Қоныстой әліппесі

351 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Жеке бас­па­налы болған мезеттен бастап адам өзін әл­де­қайда тәуелсіз се­зінетіні белгілі. Ал Қазақ­стан­­­ның Тәуел­сіздік ал­­ғаннан бер­гі нә­­тижелерінің бірі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізу. Баспа­налы болудың қарапайым механизмінің арқасында қаншама отбасы қоныс­то­йын жасап, өздерінің тұрғын үй мәсе­лелерінің шешімін тапты. Осын­дай құбы­лыс әлі де қарқынды дамып, жалғасуда. Әр адам өз отауын тігіп, қоныстой жасауға мүдделі. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі үйлі болудың және жөндеу жұмыстары мен тұрғын үй жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы. Қоныстой – әр адамның ең маңызды кезеңі. Жеке пәтер немесе үй алу адам өміріндегі маңызды және саналы қадам болып табылады. Тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысушылар­дың әрқайысысының баспаналы болып немесе үй салатындығына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сенімді. Ол үшін,  Тұрғын үй жинақ банкінде баспанаға қол жеткізу шарттарын әліп­педей білу керек. Баспана алудың бастапқы кезеңінің ережесі. Кез келген банктердегідей, Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкімен жинақтау шартын рәсімдеу үшін бірыңғай құжаттарды тапсыру керек. Бірінші кезекте жеке куәлік және СТН қажет. Содан соң қаражатты жинақтау мақса­тында баспана бағасының немесе үй салудың және жөндеу жұмыстарын жүргізудің 50 пайыз шамасындағы ең төменгі жеткілікті сомасын таңдау керек. Баспана таңдау немесе жөндеу жұмыс­тарына талдау жасау ережесі. Барлығымыз да жайлы үйде тұруды арман­даймыз ғой. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде клиенттер мен салымшыларға үй алу, үй салу және жөндеу жұмыстары барысында түрлі шешімдер бар. Ең алдында – жылдам жинақтау үшін Банктің тарифтік бағдарламасы бойынша жинақ­тау жүйесі: жиналған қаражатқа жылдық 2 пайыздық сыйақы қосылады (максималды жыл­дық тиімді мөлшерлемесі 12,7 пайызды құрайды). Ендігі кезекте, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тарифтеріне нақты тоқталайық. Мұнда барлығы тұрғын үй несиесі берілетін жинақтау мерзіміне тәуелді. Мысалы: «Бастау» тарифінде жинақтау кезеңі 3,5 жылды құрайды. Тұрғын үй несиесі 6 жылға дейін жылдық 5%-бен беріледі (Тұрғын үй несиесі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,3 пайызды құрайды). «Өркен» тарифтік бағдарламасының шарты мүлдем басқаша. Бұл бағдарлама бойынша салым­шы 10 жылға несие алу мақсатында 5,5 жыл бойы жылдық 4,5% қаражат жинақтайды (Тұрғын үй несиесі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшер­лемесі 4,7%-ды құрайды). «Кемел» тарифтік бағдарламасы бойынша несие 8,5 жыл бойы жинақтау шарты негізінде 15 жылға беріледі. Сыйақы мөлшері несие бойынша жылдық 4% (Жинақтау бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,2% дейін). «Болашақ» тарифтік бағдарламасының ерекшелігі - қаражат жинақтауға 15 жыл, ал тұрғын үй заемының өзіне 25 жыл беріледі. Сыйақы мөлшері несие бойынша жылдық 3,5%  (Жинақтау бойын­ша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3,6% дейін). Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысының бірі Бақыт әңгімелесу бары­сында, отбасы санының көбеюі нәтижесінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен ынтымақ­тастықтың үзілмейтіндігі жөнінде айта кетті. Мысалы, «Бастау» тарифінің арқасында бір баланың болуын жоспарлаған адамдарға бір бөлмелі пәтер алуға болады. Екінші бала дүниеге келгенде, «Өркен» тарифі бойынша екі бөлмелі пәтер алып, кеңеюге тура келеді. Ал екінші баламен шектелмей, үшінші баланы қаласа, «Кемел» тарифі арқылы үш бөлмелі пәтер алуға мүмкіндік туады. Яғни, көп бала болуды жоспарлаушыларға айтар бір кеңес – барлығы толығымен сыятын келешек ұрпаққа қалдыруға кең үй, коттедж салған абзал. Міне, осы үшін «Болашақ» тарифтік бағдарлама құрылған. Үйлі болуды іске асыру ережесі. Шарт негізінде керекті қаржыны жинаған Банк салымшысына өзі таңдаған тарифтік бағдар­лама бойынша тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік туады. Салымшылардың пікірі бойынша, интернет-форумдарда да көрсетілген тұрғын үй несиесі бойынша несие алу шарты клиенттерге қолайлы болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен пәтерді бірден алғысы келгендерге немесе мерзімінен бұ­рын қажетті соманы жинақтағысы келген салым­шыларға несие алу механизмі жете ойлас­тырылған. Мұнымен ғана шектелмей, осы санат­тағы клиенттерге 2011 жылдың 1 шілдесі мен 25 желтоқсаны аралығында төмен пайыздық мөлшерлемелермен пәтер алуға заемдар беру көзделген. Қалыпты аралық тұрғын үй несиелеу мөлшер­лемелері жылдық 8,5%-ға дейін төмендетілген (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,5%-ға дейін). «Жеңіл» бағдарламасының аралық тұр­ғын үй несиесі бойынша басты қарызды мерзімінен бұрын өтеу үшін үш жылдан кем емес мерзімде жылдық 9,5% төлейді (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,7%-ға дейін). Алдын-ала тұрғын үй заемын беру бойынша пайыздық мөлшерлемелер мынадай: шарт сомасының 0%-дан 25%-ға дейін жылдық 11%-ға дейін (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,1%-ға дейін); шарт сомасы 25%-дан 50%-ға дейін жылдық 10,5%-ға дейін (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,3%-ға дейін). Банк салымшысы білуге тиісті қосымша талаптар. Екінші деңгейлі банктерде бұрын алынған несиені Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қайта қаржыландыруға болады. Банк мемлекет­тің 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Жаңа бағдарламаның ерекшеліктері жөнінде толық ақпарат алу үшін, www.hcsbk.kz – Банктің сайтына немесе облыстағы бөлімшелерге хабар­ласуға болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салым­шылар мен клиенттердің сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыруға тырысуда. Қызмет көрсетуді қолайлы ету және уақытты үнемдеу мақсатында айлық төлемдерді «Қазпошта» мен «Халық Банкі» банкоматтары арқылы төлеуге болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің арқасында қоныстой жасаушылар саны артып келеді, әрі кез келген әлеуетті клиент өз баспанасының бақытты иегері атана алады. Ибраһим КАППАСОВ. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz