Кәсіпқой бокс • 01 Тамыз, 2017

Жақияновтың қарсыласы келесі аптада белгілі болады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта WBA белбеуінің иегері Жанат Жақиянов өзінің келесі кездесуі қашан өтетіні туралы айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Жақияновтың қарсыласы келесі аптада белгілі болады

 

Былғары қолғап шеберінің айтуынша, көп нәрсе шешіліп қойған. Шамамен бір аптадан кейін келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болмақ. Қазір тек жекпе-жек қазан айында шет елде өтетіні белгілі. Жанат бұл кездесуге Ұлыбританияда жаттығады. Дайындық жұмыстары жекпе-жекке сегіз ай қалғанда басталады.

- Сіздің келесі қарсыласыңыз кім болатынын білмеймін. Бірақ көпшілік сізді бұл кездесуде аутсайдер болады дейді ғой ...

- Аутсайдер деп айтса, айта берсін. Роуши Уорренмен өткен кездесудің алдында мені тіпті америкалық боксшыға лайықты қарсылас емес деп еді. Мен шаршы алаңға шығып, кімнің мықты екенін дәлелдедім. Маған көпшіліктің не айтатыны аса маңызды емес. Бокста барлығын шаршы алаң шешеді. Мықты болсаң мықтылығыңды рингте дәлелде. 

- Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?

- Алдағы кездесу биылға жоспарлаған соңғы жекпе-жегім болады. Жалпы болашақтағы жоспарым туралы әлі ойланған жоқпын. Бастысы әр жекпе-жекке соңғы кездесу секілді дайындалып шығуым керек. Өйткені, бокста әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Денсаулығым жақсы болса жұдырықтаса беремін. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Бірақ алдағы бес жылда осылай жоғары деңгейде жұдырықтасамын деп айта алмаймын.