Қазақстан • 03 Тамыз, 2017

Шетел азаматы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жартыжылдық жұ­мыс қорытындыларын шы­ғарып, бірқатар кемшілікті анықтады. Мәселен, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдаланбайтындар әлі көп.

Шетел азаматы Қазақстаннан  зейнетақы алып келген

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жартыжылдық жұ­мыс қорытындыларын шы­ғарып, бірқатар кемшілікті анықтады.
Мәселен, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдаланбайтындар әлі көп. 11 мың гектар аумақты арамшөп басып кеткен. Бұл мақсат үшін алынған субсидияның қайда жұмсалғаны белгісіз.

 Өткен жылға қарағанда биыл қылмыстық фактілердің 29,8 пайызға төмендегені байқалады. Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 1-ші басқармасының бастығы Асхат Ауқатовтың ай­туын­ша, облыста қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен жобалар сәтті жүзеге асып келеді. «Бәріне жұ­мыс» жобасы бойынша 80 мүге­дек жұмысқа орналасып, 20-ға жуығы оқуға жіберілген.
Есеп беру барысында зей­нет­ақы төлемінде орын алған сорақы жайттар да сөз болды.

– Осыдан 10 жыл бұрын Гер­манияға көшіп, сол елдің азамат­тығын алған солтүстікқазақ­стан­дық 2 жыл бойы Қазақстаннан да зейнетақы алып отырған. Сөйтіп, ел қазынасына 3,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Қазіргі таңда бұл іске байланыс­ты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гізілуде. Қалай болғанда да атал­ған сома мем­лекет бюджетіне қайта­рылуы қажет, – деді алқалы жиын­да 4-ші басқар­маның басты­ғы Жанкелді Базарбаев.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы