Күрес • 03 Тамыз, 2017

«Алаш барысы» анықталды

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Алаш үкіметінің құрылғанының 100 жылдығына арналған «Алаш барысы» атты респуб­ликалық турнир өтті. Турнирдің салтанатты ашылуы шарасына қазақ күресінен ел Президентінің жүлдесі үшін өткен «Қазақстан барысы-2017» республикалық турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев арнайы шақырылды.

«Алаш барысы» анықталды

Сурет inform.kz сайтынан алынды

«Алаш барысы» республи­ка­­лық турниріне Астана қала­сы­­­нан, Ақтөбеден және Батыс Қа­зақ­­­стан облысының аудан­да­ры­­­нан 40-тан астам балуан қатысты.

Турнирге қатысқан сал­ма­ғ­ы 90 келі­ден жоғары 15 балуан­ның же­теуі – жыл сайын ел Пре­зи­­ден­ті­­нің жүлдесі үшін өте­тін «Қа­зақ­стан бары­сы» тур­нирінің ше­шу­ші белдесуі­не қатысқандар еді. Сон­дық­тан сайыс аса тартыс­ты өтті. 

Салмағы 90 келіге дейін тар­та­тын балуандар арасында жер­гілікті Сырым ауданының жігіт­тері дес бермеді. Финалдық белдесуде Айбол Оразғалиев пен Нұрым­жан Ғаббасов кездесті. Нәти­жесінде, Нұрымжан Ғаб­басов 90 келіге дейінгі балуандар арасында жеңімпаз атанды. Келесі орындарды Айбол Ораз­ғалиев пен Айбек Ғабдешов бө­ліс­ті. Ал 90 келіден жоғары топ­­та қаратөбелік Дархан Темір­­ханов пен жәнібектік Ер­на­зар Хамзин финалға шы­ғып, боз кілемнің шаңын қақ­ты. Жарыстың бас төрешісі, ұлт­тық дәрежедегі төреші, Ба­тыс Қазақстан облысы Қазақ күре­сі федерациясының вице-пре­зи­денті Артур Шерғалиев жа­рыстың бас жүлдесі – 1 мил­лион теңгені Е.Хамзиннің қан­жы­ғасына байлады. Екінші-үшін­­ші орын қаратөбелік Дар­хан Темірханов пен бөрлілік Темір­лан Көлбаевқа бұйырды.

– «Алаш барысы» турнирінде кәсі­би төрешілік құрам жұмыс жаса­ды. Жарыс барысында дау ту­­дыр­­ған тұстардың бәрін төре­ші­лер елдің қақ алдына қағыл­ған LED экраннан қайталап қа­рап отыр­ды. Жалпы, турнирдің ұйым­­дас­­тырылуы, әсіресе соңғы музы­ка­лық технологиялар мен жарық ап­па­рат­тарының пайдаланылуы өте керемет болды, – дейді әріптесіміз Бауыржан Ширмединұлы.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» 

Батыс Қазақстан облысы