Бокс • 03 Тамыз, 2017

Г.Головкин: Бокстың бұрынғы дәрежесін қайтаруға тырысамын

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби бокста орта салмақтағы WBA, WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі қарсыласы - Сауль «Канело» Альваресті жеңетініне сенімді

Г.Головкин: Бокстың бұрынғы дәрежесін қайтаруға тырысамын

«Себебі орта салмақта менің тәжірибем артық. «Канело» болса, орта дивизионға енді қосылып отыр. Иә, соңғы екі жекпе-жекте ол жақсы өнер көрсетті. Алайда мен орта салмақтағы нағыз чемпионмын. Саульдың басқа қарсыластары сияқты «балдырған» емеспін. Кіші Чавеспен болған жекпе-жекте «Канело» жақсы бокстасты. Дегенмен, Хулионың қазіргі дайындығы бұрынғыдай емес. Мен болсам, чемпиондық жекпе-жекті қалаймын. Оны нокаутпен жеңгім келеді», - деді Головкин ESPN арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, соңғы екі-үш жылды Альварес тым көп сөйлеумен өткізді. Головкинді жекпе-жекке шақырды да, өзі шықпай қойды. Соның салдарынан GGG-дің осы жекпе-жекке деген қызығушылығы төмендей бастады. «Ондай жағдайлар боксқа, жалпы спортқа кері әсерін тигізеді. Алдағы жекпе-жекте мен оны жеңуге тырысамын. Сөйтіп, боксқа деген бұрынғы құрметті, осы спорттың дәрежесін қайтарамын. Жеңіске жетіп, өз белбеулерімді ұзаққа сақтай аламын деп сенемін», - дейді қазақстандық боксшы.