Жазғы спорт • 03 Тамыз, 2017

Испандық велошабандоз Омар Фраиле «Астанаға» ауысты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» әлемдік тур командасы испандық жарысқа қатысушы Омар Фраилемен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Команда басшылығы мен спортшы келесі екі маусымның (2018 және 2019) тиісті құжатына қол қойды, деп хабарлады «Астана» велоклубының баспасөз қызметі

Испандық велошабандоз Омар Фраиле «Астанаға» ауысты

«Астана» - пелотондағы ең үлкен және танымал командалардың бірі. Алдағы екі жылда бұл жобада өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе болмақ. Соңғы екі маусымда өзімнің кәсіби даму жолымда алға үлкен қадам жасадым. «Астанада» да бұл үрдісті жалғастыра аламын деп ойлаймын. «Астананың» стилі мен оның «Гранд-турға» мақсатты тәсілі маған қатты ұнайды», - деді Омар Фраиле.

Омар Фраиле (27-те) 2013 жылдан бастап кәсіби деңгейде өнер көрсетіп келеді. 2015 жылғы маусымда «Испания Вуэльтасын» және «Басков елдері турында», сондай-ақ «Джиро делл'Аппеннино» біркүндік жарыста және «Дюнкерктің төрт күні» кезеңінде жеңіске жетіп, алғаш рет өзінің мықты спортшы екенін дәлелдеді.

«Ол өзін кез келген тау жарысы кезеңінде сенімді сезінеді. Сонымен қатар командалық жарыста мықты буын. Бұл спортшыны баяғыдан бақылап жүрміз, биыл бізді ол «Джиро д'Италияны» қалай жүріп өткені ерекше таңғалдырды. Фраиле біздің командада өз әлеуетін толықтай аша алатынына сенімдімін», - деді «Астананың» бас менеджері Александр Винокуров.