Қазақстан • 03 Тамыз, 2017

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен білім саласындағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Шараға 60 жұмыс беруші шақырылған, олар 500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Бұдан басқа, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалады.

Меморандумның мақсаты – мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру.

Өтетін күні және уақыты: 04.08.2017, сағат 10.00 ден 13.00 ге дейін. Өтетін орыны: Астана қ. Республика даңғылы, 34 «Жастар» сарайы.