Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьорн Ягландты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы кездесу Ядросыз әлем үшін халықаралық форумы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан үшін бұл – өте маңызды оқиға. Президент Қазақстанның полигонды жапқан және ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде осындай форум өткізуге моральдық құқығы барын атап көрсетті. Таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы ядросыз әлем үшін жаһандық қозғалысты бекіту туралы идея айтқан еді.
Т.Ягланд өзі үшін Қазақстанда болғаны үлкен құрмет екеніне тоқталып өтті. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы жеке өзі және Еуропадағы көптеген адамдар еліміздің аймақтағы тұрақтандырушы күш ретіндегі рөлін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қазақстан көптеген этностық топ бірге бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанының үлгісі болып табылады.
Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанның өз еркімен, бір жақты тәртіппен ядролық арсеналды пайдаланудан бас тартуы тарихи мәнге ие, маңызды қадам болып табылатынын атап көрсетті. Бұл бастама, әсіресе, әлемді ядролық қарудан азат ету жөніндегі жаһандық науқан аясында өте маңызды. Т.Ягланд Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау жалпыәлемдік үдерісінде өзінің белсенді қызметін жалғастыра беретініне сенімін білдірді.
Т.Ягланд Қазақстан таңданарлық табыстарға қол жеткізіп, аймақта ғана емес, сонымен бірге, әлемдік аренада да белгілі серпінді мемлекетке айналғанын атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық перспективалары, Еуропалық Кеңес елдерінің конвенциясына қосылу және Еуропалық Одақпен қарым-қатынасын нығайту туралы мәселелер талқыланды.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Қоғам • Бүгін, 10:38
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Өнер • Бүгін, 10:11
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Білім • Бүгін, 10:01
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 09:38
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:28
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Қаржы • Бүгін, 09:05