ЭКСПО-2017 • 04 Тамыз, 2017

«Болашақ энергиясы» әйелдер қауымы назарында

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында екінші «EXPO Women» халықаралық әйелдер форумы ашылды. Шараны «EXPO Women» халықаралық ұйымы, «G-Global», «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры, Тұңғыш Президент кітапханасы және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі ұйымдастырған. Басқосуға Қазақстан өңірлерінің әйелдерімен қатар Ресей, Италия, АҚШ, Финляндия және өзге де елдердің өкілдері атсалысты.

«Болашақ энергиясы» әйелдер қауымы назарында

Жиынға қатысушылар «Болашақтың энер­гиясы: әйелдер, бизнес және жа­һан­дық экономика» тақырыбын тал­қы­лауда. Шара барысында көпшілік ЭКСПО көрмелерінде «EXPO Women» форумын құруды ұсынды.

«EXPO Women» төралқасының төрайымы, Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу кеңесінің мүшесі Салтанат Рақымбекованың айтуынша, әйелдерге жасыл технология саласындағы шараларды ұйымдастыру қажет. «Біз қоршаған ортаны қорғау мә­с­елесінде әйелдер  әлеуетінің жетіс­ті­гін көрсетіп отырмыз. Ол дегеніміз – климаттың өзгеруімен күрес, жасыл экономикаға көшу, сондай-ақ, 2015 жылы қабылданған тұрақты дамудың 17 мақсаты. 2000 жылы өткен мақсаттардың қорытындысы кезінде бізд­ің ел үздік көрсеткішке ие болды. Ен­ді ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кіз­ген соң, 17 мақсатқа қол жеткізу бой­­ынша бар­лығымыз бірігіп елімізге  рей­тинг­тің жоғары сатысынан орын алуға кө­мек­тесеміз», дейді ол. 

«EXPO Women» ұйымының өкіл­де­рі айтып өткендей, үшінші халық­ара­лық әйелдер форумы Дубайда ұйым­дас­тырылмақ. 
Шара шеңберінде Назарбаев орта­лы­ғында «Әлемді өзгерткен әйелдер» фо­­то­көрмесі өтті. Сонымен қатар «Coca­ Cola» белестері» республикалық бай­қау­­ының жеңімпаздары марапаттал­ды. 

Асхат РАЙҚҰЛ
"Егемен Қазақстан",

Суретті түсірген

Орынбай Балмұрат,

«Егемен Қазақстан»