Бизнес • 04 Тамыз, 2017

Алдын ала біліктілікті іріктеу: қазақстандық кәсіпкер қалайша «Самұрық-Қазына» жабдықтаушысы бола алады?

271 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Бизнестің басты міндеті не? Әрине, өз өнімдерін өткізу. Қазақстанның интеграциялық үдерістерін ескере отырып, отандық тауар өндірушілер мен квазимемлекеттік сектор арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың маңыздылығы жөнінде жиі сөз қозғалуда. Астанада өткен «Ұлы дала елі» форумында қазақстандық бизнесмендер «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларының ерекшеліктері туралы «Самұрық-Қазына Келісімшарт» еншілес компаниясы өкілдерінің өз ауыздарынан естуге мүмкіндік алды.

Алдын ала біліктілікті іріктеу: қазақстандық кәсіпкер қалайша  «Самұрық-Қазына» жабдықтаушысы бола алады?

Алдын-ала біліктілікті іріктеу (АБІ) – адал жеткізушілер пулын қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС әзірлеген жаңа құрал. Жоғарыда аталған компанияның өкілі Расул Акшанашевтың айтуынша, өндіруші белгілі бір шарттарды сақтар болса, іріктеуден өту аса қиын емес.

«Қазір сатып алудың негізгі өл­шемі – ол баға. Біздің мін­де­ті­міз жаңа құралдар енгізу, яғни са­ламатты бәсекелестік үшін тең платформа құру арқылы сатып алулардың сапасын жақсарту. Әрине, өз дамулары үшін күш салып, ресурстық базасын шын мәнісінде дамытып жатқан, ма­мандарының біліктілігін арт­ты­руға мән беретін, әрі жұ­мыс істеп тұрған менедж­ме­нт жү­йе­сі бар компаниялар ал­дың­­­ғы кезекке шығады», деп атап өтті «Самұрық-Қазы­на Ке­­лісімшарт» АБІ депар­та­ме­нті­­нің бас менеджері Расул Ак­шанашев. 

«Ұлы дала елі» отандық тау­ар өндірушілерінің ІІІ фор­умы аясында ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ әлеуетті жабдықтаушылары – кә­сіпкерлер үшін шеберлік са­ба­ғын өткізді. 

«Жаңа ережелер бойынша АБІ өткен жабдықтаушылар үшін әр жолы барлық құжат­тар­ды (жарғы, директорға құжат­тар, тіркеу туралы куәлік) ұсы­ну­дың қажеті жоқ, ол автоматты түрде ілесіп отыратын болады. Болашақта біз білікті ықтимал жабдықтаушыларға сатып алу кезінде техникалық тапсырмадан басқа еш нәрсе қажет бол­май­­ды деп жоспарлаудамыз. Бұл жақын болашақта орындалар іс», деді сарапшы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін ар­тық­шылықтар туралы айт­қан кезде, Ақшанашев білікті жаб­дық­таушы тендерге  өтінімді қам­тамасыз етуден босатыла­ты­нын атап өтті. Сонымен қа­тар, осын­дай мердігерлер келісім­шарт­тар бойынша кемінде 30% мөлшерінде аванстық төлемақы ала­ды. 
«Өндірістік қабілеті мен қажетті мамандары жоқ компаниялар үшін біздің сауалдама­ларымыз арқылы АБІ өту өте қиындатылған. Сонымен қатар, сау­алдама сұрақтары шына­йы өндірушілерді анықтап, жал­ған өндірісшілерді міндетті түр­де алып тастап, саламатты бә­се­ке­лес­тікке жағдай жасайды», – дей­ді ол. 

АБІ департаментінің бас менеджері 2017 жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» сатып алуларының 64 позиция бойынша тек алдын-ала біліктілік іріктеуінен өткен әлеуетті өнім жеткізушілер ғана қатыса алатындығын ескертті. Ал 2018 жылы барлық бәсекелі сатып алулар тек қана алдын-ала біліктілік іріктеуінен өткен жабдықтаушылар арасында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Акшанашевтың айтуынша, АБІ аясында аудиттің үш түрі жүзеге асырылады. «Аудиттер сіз өтініш берген тауарлар мен қыз­меттерге байланысты болады. Егер осы тауарлар мен қыз­мет­тердің жылдық сұранысы 250 мың АЕК-тен төмен болса – бұл бірінші немесе екінші дең­гейлі шектеу. Егер құрал-жаб­дықтар қолданылмайтын екін­ші түрі болса, біз сіз үшін үс­тел аудитін жүргіземіз. Үстел ау­­ди­ті қашықтан жүргізіледі. Ал егер сіз мысалы, құрылыс-мон­­таж жұмыстары, мұнай-газ сек­торындағы жұмыстар тә­різ­ді АЕК 250 мыңнан асатын үлкенірек сатып алуларға өті­ніш берсеңіз, мұндай кезде ау­диторлық ұйымдарды ша­қы­рып, техникалық аудит жүргізу керек болады», деп түсіндірді ол.

Сарапшы АБІ сауалдамалары ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, OHSAS 18001 және т.б. халықаралық стандарттардан ту­ындайтын жүйелік жә­не про­цес­тік тәсілдер қағи­да­ла­ры­на не­гізделетіндігін айтты. Дег­енмен де, менеджмент жүйе­сі сертификаттарының болуы мін­детті емес. 

«Материалдық және қаржы ре­сурстары бар кез келген компа­ния өзінің біліктілігін растайды және АБІ үдерісін сәтті өтеді, бұған осымен екінші жыл жүргізіліп келе жатқан АБІ тә­жірибесі дәлел. Тіптен сіздің дең­гей көрсеткішіңіз төмен бол­са да, бізден ұсыным аласыз кемшіліктеріңізді түзетіп, дең­гейіңізді көтеру үшін 20-дан 90 күнге дейін күнтізбелік уа­қы­тыңыз болады. Мүмкін емес еш нәрсе жоқ!», деп атап көр­сетті ол.

«Самұрық-Қазына Келісім­ша­рт» ЖШС бас директоры мін­детін атқарушы Шыңғыс Бока­нов «Ұлы дала елі» форумының не­гізгі бөлімінде сөз сөйледі. Ол Ұлттық әл-ауқат қорында сатып алу үдерісін жетілдіру үшін қандай шаралар қабылданғаны туралы хабардар етті.

«Соңғы алты жылда жергі­лік­ті құрам үлесін дамытуға бай­ланысты Қордың сатып алу ере­желеріне 19 преференция ен­гі­зіліп, нәтижесінде жергілікті құрам үлесі 2010 жылы 50% көрсеткішінен 2016 жылы 74% -ға дейін өсті. Қазақстанның ДСҰ мен ЕурАзЭҚ-қа қосылуы қарсаңында біз шұғыл әрекет жасадық – ол ұзақ мерзімді келісімшарттар. Осы жұмыс шеңберінде біз жыл сайынғы Қор компаниялары сатып алатын тауар позицияларына зерттеу жүргіздік және осы по­зи­­циялар бойынша отандық тау­ар өндірушілерге талдау жа­сағаннан кейін, олар ұзақ мер­зімді сатып алу жоспарлары­на өткізілді. Нәтижесінде, қо­лы­мызда Қор тобы бойынша бе­кітілген 190 ұзақ мерзімді сатып алу жоспарлары, сондай-ақ, отан­дық тауар өндірушілермен 1895 қолданыстағы ұзақ мер­зім­ді келісімшартымыз бар», деді ол.

Бокановтың айтуынша, біре­гей номенклатуралық анықтама енгізудің арқасында «Самұрық-Қазы­на Келісімшарт» ЖШС Қордың еншілес кәсіпорындары сатып алатын барлық импорттық тауарларды анықтады. «Кейбір жайғасымдар бойынша біз­де тауар өндірушілер бар, бі­рақ олардың қуаты біздің ен­ші­лес компаниялардың қажет­ті­ліктерін жаппайды. Осы талдау негізінде біз Жаңа өндірістер ашу және қолданыстағыларды жаң­ғыртуға жәрдемдесу бағ­дар­ламасын әзірледік. Оның мәні мынада, импортталатын тауарлардың тiзбесi құры­ла­ды, содан кейін біз өткен жыл­дардағы тарихи деректерді – біз­дің компанияның сатып алу көлемін береміз, жос­пар­ланған сатып алу дерек­те­­рін ұсынамыз. Егер осы жай­ға­сымдардың бірі бойынша ық­тимал жабдықтаушы өндіріс ұй­ым­дастырар болса, СТ-KZ алады, онда ол тауарды тізімге кіргіземіз. Осы тізімге сәйкес, біз­дің еншілес компанияларымыз қазақстандық өндірушіні ке­лісімшартпен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Сонымен қ­а­тар, егер жұмыс істеп тұрған кә­сіпорын осы өнімді шығарып, бі­рақ қуаты жеткіліксіз болса, ол да осы бағдарламаға қатысу ар­қылы қуатын арттыра алады», деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС бас­шысы қазір еншілес ком­па­ниялардың өткен жылдардағы бар­лық сатып алу бағалары кіретін деректер базасы жасалып жатқан­ды­ғын да хабарлады. «Осы талдау негізінде біздің еншілес кәсіпорындарымыз бен ықтимал жабдықтаушыларымыз ең тө­мен­гі, орташа және ең жоғары баға­ларды көре алады. Қазір біз тауарлар жайғасымдары бойынша ақпараттары әрдайым жаңартылып отыратын бағалар ка­талогын жасаудамыз. Біз мар­ке­тингтік зерттеулерді әлде­қ­а­шан жасап қойдық, ал тапсырыс бе­рушілер осы бағаларды алып, жос­парларына тікелей қо­су­ла­ры­на болады», деді компания бас­шысы.

Шыңғыс Боканов трансформация аясында Қор алдын-ала біліктілік іріктеуін енгізе отырып, сатып алудың жаңа мо­деліне көшетіндігін айтты. «Біз осы жұмыс шеңберінде ық­тимал жеткізушілер пулын қа­лыптастырамыз және Қордың се­ріктесі болғысы келетін кә­сіп­­орындарға сауалдамалар ар­қылы құжаттама жинаймыз. Сау­­алдама кәсіпкерге осал тұс­та­рын көруге көмектеседі жә­не бо­лашақта позициясының қай же­рін жақсарта алатынын нұс­қап, ұсыным береміз», деп түсін­дір­ді компания басшысы.

«Самұрық-Қазына Келісім­ша­рт» ЖШС топ-менеджері бү­гін АБІ жүйесінде 5600-ден ас­там кәсіпорын тіркелгенін ба­са айтты. «Білікті ықтимал жаб­дықтаушылар арасынан 64 по­зиция бойынша сатып алулар жүр­гізудеміз», деп сөзін қо­ры­тындылады ол. 

Сейфолла Шайынғазы,
«Егемен Қазақстан»