Аймақтар • 04 Тамыз, 2017

Тұрғын үй құрылысы тұрақты назарда

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Зырян ауданында мемлекеттің «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша са­лы­нып жатқан 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құры­лы­сы­ның барысы журналистерге таныстырылды. Қаланың оңтүстігінде бой көтергелі жат­­­қан тұрғын үй кешеніне бағдарлама бойынша 460 мил­­ли­он тең­ге қаржы бөлініпті.

Тұрғын үй құрылысы тұрақты назарда

– Қазір аудан орта­лы­ғында бір мың адам үй алу кезегінде тұр. Елбасының сарабдал саясатымен қа­был­данған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», басқа да бағ­дарламалар ең алдымен қарапайым халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналғаны белгілі. Тағы бір 60 пәтерлі бес қа­батты үйдің құ­ры­лысын са­­лу жөніндегі құ­жаттар бой­­ынша жұмыстар ат­қа­ры­лып жатыр. Бородино ауылында да екі пәтерлі бес үй­дің құрылысы басталды. Екі құрылыспен де танысасыздар, – деді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.

60 пәтерлі үйдің құ­ры­­лы­сы маусымда бас­талды. Ма­те­риалдардың бар­лығы осы өңір­ден. Кір­пішті Өскеменнен, це­ментті іргедегі Бұқтырмадан алуда. Демек, материалдар бағасы қолжетімді. Мұнда 40 пәтер – екі, 20 пәтер үш бөл­мелі. Келесі жылдың со­ңына та­ман ғимарат пай­­далануға берілмек.

Салынып жатқан ғи­ма­рат қала­ның 10-шы ша­ғын ауданына қарайды. Сондықтан болса керек, бұл жерде ны­сан­­дарды сумен, жылумен қамтамасыз ететін құ­быр­ды «Алтынстройпроект» се­рік­тес­­тігі салып жатыр. Ма­ңыз­ды құ­­рылыстың құ­ны 618 милли­он теңге, өт­кен жылдың қа­­ра­­ша­сын­да құ­рылысы бас­тал­­ған кешен келер жылдың қыр­­­күйе­гін­де іске қосылуы тиіс. Аудандық архитектура және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Қанапиев  қаланың өр­­кен­деуіне ықпал ететін  ұзын­­ды­ғы 6,3 шақырым құ­бырдың сапалы салынаты­нына кәміл се­неді. Ал ау­дандық жылу қазан­ды­ғы­ның құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 мил­лиард 433,1 миллион теңге бө­лініп, нысан жыл соңында пайдалануға берілмек.

Аудан басшылығы өңір­дің әлеуеті артуы үшін күш салуда. Соның бір дәлелі, «Нұр­лы жер» бағ­дарламасы бой­ынша Ломоносов және Шах­т­а­құрылыс көшелеріне асфальт төсеу үшін қыруар қар­жы көзін тауыпты. Жаңа бағ­дар­ла­маның берері көп, ең алды­мен жылдар бойы үй алу ке­зе­гінде тұрған аза­маттардың проб­ле­ма­сын шешеді. Оның үс­ті­не жекеменшік үй салуға ті­лек білдіргендердің өті­ніші қабылданып жатыр. Қалай дегенде де, өн­ді­рісі өркендеген кен­ші­лер қа­ла­сының келбеті көз тартады. Еліміздегі жа­ңа бағ­дар­ламалардан қа­ра­пайым ха­лық үміт күтеді. «Үй болса, күй болады» деген мақалдың өміршеңдігі соған дәлел болса керек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ, 
 журналист

Шығыс Қазақстан облысы,
Зырян ауданы

Суретті түсірген автор