Қазақстан • 04 Тамыз, 2017

Түркістан өңірі су тапшылығын сезінуде

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Отын – олжа, су – қорлық» дейді атам қазақ. Түркістан ма­ңын­да­ғы мыңдаған суармалы жерлерді игеру мақсатында біраздан бе­рі кө­теріліп келе жатқан мәселенің бірі Сырдария суын Арыс-Түрк­іс­тан каналына құятын 41,7 шақырымдық машиналық каналды құ­ру еді.

Түркістан өңірі су тапшылығын сезінуде

Жалпы, осыдан жиырма жылдай бұрын Түркістан ауданын Түркістан қаласына қосып жі­бер­геннен бері ауылдан береке кете бастағаны жасырын емес. Суар­малы егістердің осыдан кей­і­н-ақ аясы тарыла бас­тады. Қан­шама ауылдық округтер мен елді мекендер қала құ­зы­ры­н­­да болғандықтан, оған кө­ңіл қаламен қабаттаса бө­лін­ген­діктен, бұрыннан проб­лема болып келе жатқан су мәселесінде қи­ын­дықтар тууы айтпаса да түсі­нікті еді. Осы мәселені ше­шу төңірегінде түрлі ұсыныс-пі­кір­лер де айтылып келеді. Солардың ең маңыздысы жоғарыдағы ма­шиналық канал десек артық болмас.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәс­лихатының депутаты Үмбет Жүсіпбаевтың да машиналық канал мәселесін көтеріп жүргеніне аз болған жоқ. Халық қалаулысы бұл жөнінде былай дейді: 

– Өткенге шегініс жасасақ, 150 шақырымды құрайтын Арыс-Түркістан каналы 1967 жы­лы пайдалануға берілген. Сол кездегі жоба бойынша екі Бө­­ген су қоймасы мен екі канал бо­лу керек еді. Өкінішке қарай, бір су қоймасы және бір каналмен ғана шектелдік. Алғашқы жо­бада Түркістан мен Ордабасы аудандарының егіс алқаптарын суару көзделген болатын. Бі­рақ соңғы жылдары Отырар, Бәй­ді­бек, Арыс аудандарының су пай­даланушыларының есебінен алқаптар ұлғайды. Содан бері міне, жарты ғасыр өтті. Түркістан арнадан су алатын ең соңғы аймақ болғандықтан, су мәселесі бойынша проблемалар көбейді. Әсіресе, бұл шілде мен тамыз айларында анық байқалады. Түркістан маңындағы бірнеше ауылдық округтердегі шаруалардың тек тырмысқандары ғана жоңышқа егіп алады. Онда да ол – бір, әрі кеткенде екі орымды қанағат етуге мәжбүр. Су тапшылығынан бақша өнімдеріне тіпті маңайлай алмайтын елді мекендер көп десек, осының салдарынан ілгеріде суармалы аймақ болған жерлер ақ кебір мен қара кебірге айналған. Ол тек сол жерді иге­ріп, суарғанда ғана кететін дү­ниелер. Каналды 4 және 5-ші ке­зе­гіндегі жөндеуден өткізіп және ұзын­дығы 41,7 шақырымды қам­титын машиналық каналды қол­ға алу керек. Бұл Түркістан ау­мағындағы 7 ауылдық ок­ругтің 25,600 гектарына дейін егіс­тік алқаптарын ұлғайтуға мүм­кіндік береді. Ол үшін об­лыстық және республикалық дең­гейдегі қаржылай көмек қа­жет. Бұл жобаны іске асыру үшін қажетті құжаттардың бар­лы­ғы дайын тұр. Облыс басшы­сы Жан­сейіт Түймебаев пен Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­таты, Аг­рар­лық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Сапархан Омаров аталған жобаны, әсіресе, Түркістан маңындағы егістік алқаптарды суландыруды мей­лін­ше қолдауда. Сонымен қатар, Түр­кістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев та жобаға жанашыр деп айтсам артық етпес. Бұл жоба іске асып жатса, Түр­кістанның несібесін жерден терген диқан қауымы үшін жа­салған жұмыстың үлкені болар еді. Алдағы уақытта мемлекет та­рапынан бұл мәселеге қолдау болады деп үміттенеміз.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК

ТҮРКІСТАН