Спорт • 04 Тамыз, 2017

Сын сағатта Куба боксшысына бесінші бұрышты көрсетіп жіберген...

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов халықаралық жарыстарда топ жарып келген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қабылдап, марапаттарын табыстады. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сын сағатта Куба боксшысына бесінші бұрышты көрсетіп жіберген...

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық Спорт бөлімінің басшысы Жандарбаек Таттев, аудандық №1 спорт мектебінің директоры Бақытжан Жаңбырбаев қатысты.

"Кәсіби бокстан дүниежүзілік бокс сериясында "Астана арландары" құрамында өнер көрсетіп, қиын кезеңде шаршы алаңға шығып еліміздің намысын қорғап қалған, Қазақстанның әнұранын ойнатып, көк туын желбіреуіне тікелей әсер еткен Олжас Байниязов Мақтарал аудандық №1 спорт мектебінің түлегі. 5:5 есебінде бірінші орынға таласып тұрған қазақстандық Astana arlans пен кубалық Cuba Domadoers командаларының тағдырын шешкен боксшы қарсыласы Фрэнка Залдиварға бесінші бұрышты көрсетіп жібергені бокс жанкүйерлерінің жадында ұзақ сақталса керек" - дейді аудандық №1 спорт мектебінің директоры Бақытжан Жаңбырбаев.  

Астана қаласында халықаралық "ЭКСПО - 2017" көрмесі аясында белбеу күрестен өткен Әлем чемпионатында 82 кг салмақ бойынша жүлделі ІІ орынды иеленген Біржан Шаймерден және +100 кг салмақ бойынша ІІІ орынды иеленген Ілиясқажы Исламбектер де еліміздің абыройын асқақтатып қазақстандықтардың қошеметіне бөленді.

Міне, осы спортшылардың мерейін асқақтату мақсатында ізгі тілегін арнаған аудан әкімі Ғ.Исмаилов: "Алдағы уақытта да Қазақстанның атын бүкіл әлемге паш етіп жүре берулеріңізге кәміл сенемін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін" - деді. Сондай-ақ, аудан әкімі спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын арнайы алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақтарал ауданындағы 3 спорт мектебі 2,5 мыңнан аса спортшыларды дайындап жатыр.