12 Қазан, 2011

Әріптестік әлеуеті

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Еуропалық Кеңестің Бас хатшысы Турбьорн Ягландпен де кездесу өткізді. Қанат Саудабаев өзінің сө­зін­де мәртебелі қонақтың, яғни Еу­ро­палық Кеңес Бас хатшысының Қазақстанға жасаған сапары өз­ара әріптестікті одан әрі кеңей­туге және нығайтуға тың серпін береді деген сенімін жеткізді. «Сіздің Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевпен кезде­суі­ңіз Қазақ­стан­ның да, Еуро­па­лық Кеңестің де болашақта әріп­тестікке, еуропа­лық құрылым­дағы интеграцияға әзір екендігін көрсетті», – деді Мемлекеттік хатшы. Т.Ягланд өз кезегінде Қазақ­стан Президентімен, сондай-ақ, Конституциялық кеңесте, Сырт­қы істер министрлігінде, Прокуратурада өткен кездесулердің барлығы нәтижелі әрі пайдалы болғанын жеткізді. «Бұл ретте, мен бүгінде Еуропалық Кеңес пен Қазақстан екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты дамыту бағы­тын басшылыққа алып келе жатқанын атап көрсетсем деймін. Біз бұл кездесулер барысында Қазақстанның бірқатар қосымша келіссөздер мен конвенцияларға қосылу үдерісіне қатысты іс-шаралардың жоба-жоспарын тал­қыладық. Осы орайда мен мына мәселеге қуанышты екенімді жет­­кізгім келеді. Біз Қазақ­станмен осы бағыттағы әріптестікті жан­дан­дыруға қызығушылық таны­тып отырмыз. Сондай-ақ, «көр­ші­лер ынтымақтастығы» саяса­тын алға жылжытып келеміз. Мұндай саясат Орталық Азия, Жерорта теңізі мен Араб елдерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Бұл ын­тымақтастық болашақта да өз жал­ғасын табады деген ойда­мыз», – деді Еуропалық Кеңестің Бас хатшысы. Бұл ретте мынаны айта кетейік, Еуропалық Кеңес Бас хат­шы­сының Қазақстанға сапары 2009 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Турбьорн Ягландтың Афинада, ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінде қол жеткізілген ке­ліс­сөзге сәйкес  өткізілуде. Бұл сапардың мақсаты – Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасын­да­ғы ынтымақтастық әлеуетін одан әрі нығайту. Еуропалық Кеңес Бас хат­шы­сы Т.Ягланд Қазақстан мен Еуро­палық Кеңес әріптестігін тиімді дамыту мәселесін әрдайым назарда ұстап келеді.