ЭКСПО-2017 • 08 Тамыз, 2017

Мақсатымыз – көмек көрсету

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шетелдерден келген қонақ­тард­ы жылы қарсы алып, жол сіл­­теу – еріктілердің басты мін­деті.

Мақсатымыз – көмек көрсету

Әрине, әлемдік деңгейдегі шараның басы-қасында жүретін жастардың мойнында үлкен жауапкершілік бар. Ерікті атану үшін қойылатын талаптар да жоғары. 18 жасқа толған азамат қазақ, орыс, ағылшын және өзге шет тілдерін білуі керек. Бірақ, ең бастысы, көрмеге үлес қосуға ыс­­тық ықылас таныту.

Ерікті атқарған жұмысы үшін материалдық пайда таппайтыны белгілі. Дегенмен, елімізде түр­лі шараларға қатысып, тегін жұмыс істейтіндердің қатары көбейіп келеді.

Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тумасымын. Астана қа­ласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған  көрмесінің еріктісімін, яғни волонтермін.  Менің жасым 25-те. Тілдерді оқыту және дамыту орталығында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеймін.

Мен үшін ерікті болу де­ге­німіз – жақыныңа жәр­демдесу, елі­­міз­дің дамуына титтей де бол­сын үлес қосу. «Оң қолың бер­генді сол қолың көрмесін», – дейді ғой қазақ­та. Қолыңнан келіп тұр­ған істі жасау біз сияқты жас­тар үшін түк қиын емес. Жа­ңадан дос-жаран, пікірлес, сұх­баттас адамдарды табуың өз алдына. Мерекелік шараларда елімізге танымал тұлғалармен тіл­десуге мүмкіндік бар. Мен үшін бас қаламыздың күннен-күн­ге көр­кею­іне куәгер болудың өзі бақыт.

ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі тарихта қалатындай өт­кі­зілсе деген арманым бар. Шет­елдік меймандар елімізді жақсы жағынан біліп қайтса деймін. Ал біз сеніп тапсырылатын шаруаларды тиянақты орындауды міндет санаймыз.

Басты міндетіміз – жәр­дем­десу.

Нұрсәуле ТЕМІРОВА,
Тілдерді оқыту және дамыту орталығының  ағылшын тілі мұғалімі