Анадолының ыстық ықыласы (ЭКСПО жаңалықтары)

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қалашығында Түркия Республикасының ұлттық күні өтті. Түріктердің таңғы шай дастарқанынан соң басталған мереке дәстүрлі өнердің алаңына айналды. Вейсель Челикдемир халық құндылықтарын паш ететін құм шоуын көрсетіп, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. «Анадолы оттары» би тобы «Хорон» биін билеп, осы арқылы, бауырлас ұлттың бай мәдениеті мен күш-қуатын аңғартты.
Егемен Қазақстан
11.08.2017 539

Салтанатты шараның ресми бөлімінде Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақ-түрік достастығының жетістіктерін әңгімелеп, түркиялықтарға халықаралық шараның Ас­та­нада өтуіне қолдау білдіргендері үшін алғысын білдірді.

Басқосуда Түркия Респуб­ли­касының Экономика министрі Нихат Зейбекджи сөз сөйлеп, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен бауырластықтың бү­гінгі таңда үлкен саяси әрі эко­номикалық қарым-қаты­нас­қа айналғанын тілге тиек етті.

Ұлттық күннің сәнін келтірген «Мехтеран» Түрік әскери оркестрінің шеруі ЭКСПО қонақтарының есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сонымен қатар, көрермендерге мыңдаған гүл шоқтары мен Түркия жалаушалары беріліп, павильон тамашалаушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды.

Түркия павильоны екі айда 400 мыңнан аса көрермен қабылдап үлгерген.

Алпыс мыңға жуық жеткіншек Астананы көрді

Орталық коммуникациялар қызме­тінде баспасөз мәслихаты өтіп, Астана қалалық білім басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова журналистердің сауалдарына жауап берді. 

Ол ЭКСПО-2017 көрмесіне Қазақ­стан­ның өңірлерінен 80 мыңға жуық оқушы келетінін мәлімдеді. Бүгінге дейін 57 913 жеткіншек елордаға табан тіреп, халық­аралық шараны тамашалап үлгерген. 

«Енді көрме аяқталғанға дейін 15-20 мың оқушы келеді деп күтілуде. Білім басқармасы балаларды қарсы алу, үйлеріне шығарып салу, екі күндік ыс­тық тамақпен, жатақханамен қамтамасыз ету шара­ларын қамтып отыр», деген Л.Орынбасарова көр­ме басталғалы балаларға қатысты ешқандай төтен­ше жағдай орын алмағанын мәлімдеді. Аймақ­тар­дан келген балалар үшін Астанада екі күндік бағ­дарлама қарастырылған. Оқушылар бірінші күнін ЭКСПО көрмесімен танысуға арнаса, екінші күнінде елорданың әсем жерлерін аралайды.

 Қазақстан-Беларусь бизнесінің белесі

Беларусь – өзендер мен көлдерге бай дәстүрлі мемлекет. Онда су электр стансаларын салу бойынша арнайы бағдарлама да әзірленген. Орташа есеппен екі жылда бір су электр стансасы пайдалануға беріледі. Республикада жаңғырмалы энергияның өзге де түрлерін зерттеу және енгізу жұмыстары жүргізілуде, сұйық және көгілдір отын шығарылады. Мемлекеттің жел ресурстары да жеткілікті, солтүстік-батыс аймақтарында жел энергиясын өндіретін бағандар орнатылған. 

Бұл мәліметтерді Беларусь Респуб­лика­сының ұлттық күніне орай ұйымдас­тырылған баспасөз мәслихатында осы елдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов жеткізді. Онда ЖЭК дамытудан басқа атом электрстансасын құру жобасы жүзеге асырылуда. 2020 жылға қарай бұл толық режімде жұмыс істемек. АЭС құрылысы МАГАТЭ-нің талаптары мен ережелеріне сай жүргізілуде. «Атом электр стансасының құрылысы барысында ең соңғы үлгідегі реактор пайдаланылуда, оның үш деңгейлі қауіпсіздік жүйесі бар», деді ол.

Елші екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ширек ғасыр толғанын әңгімелеп, саяси диалог тығыз сауда-экономикалық байланысқа ұласқанын айтты. «Біздің кәсіпкерлер байла­ныс­ты кеңейтіп, бірлескен кәсіп­орындар құрды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Беларусьпен бір­лескен 15 кәсіпорын бар. Олар­дың көпшілігі ауыл шаруа­шылығы, машина жасау салаларында жұмыс істеуде. 25 жылда екі ел арасындағы сауда айналымы 10 есеге артқан. Кеден одағы, ЕурАзЭҚ сынды жаңа институттар құрылды. Мұның барлығы аса маңызды мәнге ие», деді Анатолий Ничкасов.

13-15 тамыз күндері елордада Беларусь өндірушілерінің «Made in Belarus. Astana» көрмесі өтпек. «Бұл шара соңғы жылдары ұйымдастырылған көрмелердің ішіндегі ең ауқымдысы болмақ. Онда машина құрас­тыру, мұнай-химия, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнім­дері, ағаш өңдеу және жеңіл өнеркәсіп, косметика және өзге де тұтыну тауарлары бойынша 70-тен астам беларусьтік кәсіпорын өнімдері мен жаңа дүниелерін көрсетеді.

Бұл көрме қазақстандық-беларустік бизнестің дамуына арналған ыңғайлы әрі тиімді платформаға айналары сөзсіз», деді басқосуда Беларусь сауда-өнеркәсіптік палатасы «Белинтерэкспо» унитарлы көрме кәсіпорнының директоры Евгений Введенский. Оның айтуынша, республиканың өндіріс алыптары Қазақстанға бірқатар қызықты заманауи өнімдер әкелмек. Мәселен, «Гомсельмаш» АҚ Беларусь пен Қазақстан бірлесіп әзірлеген «Essil КЗС-760» астық жинау комбайнын ұсынады. Бұл техника ылғалдылығы жоғары дәндерді де тиімді жинай алады. Минск автокөлік зауыты экологиялық Еуро-4 деңгейлі қозғалтқышы бар толық жетекті тартқыш көлік пен «МАЗ-103» автобусын таныстырады. Минск трактор зауыты навигациялық жүйелермен жабдықталған мол қуатты «Belarus-3522», «Bela­rus-4522» тракторларын әке­леді. «БелТРАНСНЕТ» білім беру орталығы болашақ көлігі атанған «Sky Way» жаңа эстака­да­лық көлігін ұсынады екен.

13 тамыз күні ЭКСПО-2017 халық­ара­лық мамандан­ды­рылған көрмесіндегі Беларусь Рес­пуб­ликасының ұлттық күні өте­ді. Мемлекеттің премьер-ми­нистрі Ан­дрей Кобяков бас­таған делегация қаты­сатын шара Қазақстан-Беларусь бизнес-форумымен жалғасады.

Топтаманы әзірлеген: 

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген

Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу