Фото: Архив. Абай облысы ТЖД
«Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтыланып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт туралы ақпарат 26 сәуір күні сағат 13:21-де келіп түскен.
Жалын Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде тұтанды.
Өрт сағат 15:04-те 0,22 га алаңда оқшауланғаны белгілі болды.
Айта кетейік, 2023 жылы «Семей орманы» аумағында 60 мың гектар аумақты шарпыған ірі өрт болды. Салдарынан 15 адам көз жұмды.