Іс материалдарына сәйкес, Бостандық ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Е.Назаров басқарманың бұрынғы қызметкері Б.Конусовпен сыбайласа отырып 10 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады. Күдікті қызметтік лауазымын асыра пайдаланған.
8 тамызда ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес екі күдіктіні департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады. Алмалы аудандық соты Е.Назаров пен Б.Конусовты 2 айға қамауға алды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.