Қонақтар Абай ескерткішінің жанында аудандық Абай оқуларының жеңімпаздарын марапаттап, ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аудандық мәдениет үйінде Ғарифолла Есімнің 70 жылдығына арналған концерт өтті. Шараға қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов мерейтой иесіне «Алтын барыс» төс белгісін табыстап, Елбасының құттықтау жеделхатын оқып берді. Ғалымның ұлы Қазбек болса, қазір Аққулы ауылында тұрып, қызмет етуде. Ата-бабасы қоныс еткен, әкесі Ғарифолла туып-өскен Лебяжі ауданында, ауылда ұрпақ жолын жалғастыруда.
Концерттен кейін қонақтар, жұртшылық этноауылды аралап көрді. Аққулықтар қарсы алған қонақтардың ішінде АҚШ-тан келген Висконсин университетінің профессоры Гэри Киркинг, «Wisconsin Farm Bureau» ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Дэйл Бити және Верона қаласының мэрі Джон Хочкаммер де болды. Висконсин штатынан келген америкалық қонақтар облыс кәсіпкерлеріне семинар өткізуде.
- Мен Қазақстанға осымен бесінші рет келіп отырмын, - деді Висконсин университетінің профессоры Гэри Киркинг. - Абай ұлы ақын, ойшыл ретінде естіп білдік. Мерекенің куәсі болғаныма өте қуаныштымын.
Бұдан кейін бәйге өткізілді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»