«2017 жылғы қаңтар-шілдеде 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, шикі мұнай, табиғи газ, металл кені, көмір өндіру ұлғайған. Азық-түлік, мұнай өңдеу өнімдері, фармацевтикалық, металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау саласының өндірісі артты. Бұл ретте темекі өнімдерін өндіру төмендеді», делінген хабарламада.
Республиканың 14 өңірінде өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемінің артқаны байқалды.