Қазақстан • 13 Тамыз, 2017

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғалы. Батыста, оңтүстік батыста, оңтүстікте, оңтүстік шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, желдің күші 18 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Шығыс Қазақстанда күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.