TWESCO Моңғолиядағы қазба зерттеулерінің екінші кезеңін аяқтады

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) Моңғолия Ұлттық Ғылым Академиясы жанындағы Тарих, археология институтымен бірлескен экспедициясы 15 маусым-27 шілде аралығында «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде жүргізген археологиялық қазба зерттеулерінің екінші кезеңін аяқтады.
Егемен Қазақстан
13.08.2017 846

Өткен жылғы тұмшалау кезінде салынған топырақтар мен тастарды тазалау жұмыстарынан басталған археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде бас құрылыстың жаңадан үш қыры толық анықталып, тазаланды. Сегіз қырлы бас құрылыстың төртбұрыш іргетасы аршылып, оның тастан қаланғаны белгілі болды. Сонымен қатар, қазба жұмысы алаңынан кеудесі төмен қараған жаңа бәдіз табылды. Бұл ғұрыптық кешен аумағынан табылған екінші тас мүсін бәдіз. Өткен жылғы зерттеулер барысында осыған ұқсас тас мүсін табылғанын хабарланған.

Бұдан бөлек, кешеннің бас құрылыс алаңын аршып тазалау барысында пышақтың темір ұшы, өрнекті тас сынықтары, темір жебелер, лағыл, ақық тас моншақтар, темір қапсырмалар табылды. 

Көне түрік дәуірінде империяның қаған, йабғұ, шад, бұйрық, тархан, тегін сынды билік иелеріне, лауазымды тұлғаларына арнайы ғұрыптық кешендер орнатылып, әруағына тағзым етіп, мемлекеттік деңгейде арнайы жосын-жоралғылар атқарылатын болғаны белгілі. Орталық Азияда қайталанбас әрі бірегей «Шивээт улаан» сондай көне ғұрыптық кешендердің бірі. Академия көне түркі ескерткішін зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастырады.  

Айта кету керек, Түркі академиясы моңғолиялық әріптестерімен бірге «Шивээт улаан» ғұрыптық кешеніндегі алғашқы қазба жұмыстарын былтыр жаз айында бастаған. Сол экспедицияның нәтижелері мен алғашқы қорытындылары негізінде TWESCO Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы тамызда «Ұлы дала көшпелілері: тарихи-мәдени үндестіктер» атты ІІ дала семинарын өткізген еді. 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Станимир Стойлов: «Селтик» екінші таймда бізден мұндай ойынды күтпеді

23.08.2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

22.08.2017

Көне жәдігерлер көмбесі

22.08.2017

Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады

22.08.2017

Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады

22.08.2017

Еліміздегі  «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды

22.08.2017

Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?

22.08.2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

22.08.2017

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

22.08.2017

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

22.08.2017

Астанада апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуда

22.08.2017

ОҚО әкімі өңірлік делегациямен бірге ЭКСПО көрмесін аралады

22.08.2017

Елордада тастанды балалар азайды

22.08.2017

Универсиада-2017: Дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола медальға ие болды

22.08.2017

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алдағы жоспарымен бөлісті

22.08.2017

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

22.08.2017

Оңтүстіктен солтүстікке биыл 113 отбасы қоныс аударды

22.08.2017

Тауар экспорттау оңайлай түспек

22.08.2017

Ғылымның сан тарау сүрлеуі

22.08.2017

Астанада Мәскеу күндері басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Журналистика – мәртебелі мамандық

Кейінгі кездері журналистика тө­ңі­регінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз кө­бейіп кетті. Аяқ астынан Аме­рика ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу