Үкімет • 14 Тамыз, 2017

Қырғызстандық әріптесімен кездесті

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Қырғызстандық әріптесімен кездесті

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде техникалық көмек көр­сету, темір жол тарифтерін сәй­кестендіру, азаматтарға қойыла­тын көші-қон талаптарын жеңіл­дету мәселелері талқыланды. Тарап­тар Қазақстан мен Қырғызстан арасын­дағы ынтымақтастықтың 2017-2020 жылдарға арналған кешен­ді бағдарламасын әзірлеудегі елеулі ілгерілеуді атап өтті, ол таяу ке­ле­шекке екі ел арасындағы стратегия­лық серіктестік пен өзара тиімді қа­рым-қатынастарды дамыту мен ны­ғай­тудың жол картасына айналуы тиіс.

Бұдан өзге, премьер-министрлер екі тараптың қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын межелеу бойынша шартқа қол қоюға әзірлік деңгейін бағалады.

Сонымен қатар екі елдің өңірлік ұйымдарда, соның ішінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі аясында өзара іс-қимыл жасасуына қатысты тақырыптар қозғалды.

Оған қоса, Б.Сағынтаев пен С.Жээнбеков Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және биылғы 31 тамызда өтетін Қырғызстанның ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.

Кездесу соңында Бақытжан Са­ғын­таев Қырғызстанды халықаралық көрмені қорытындылайтын ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне белсенді қатысуға ша­қырды.