Үкімет • 16 Тамыз, 2017

Отандық астық сапасы арта түсті – Қайрат Айтуғанов

24 реткөрсетілді

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында отандық астық сапасын арттыру бойынша бірқатар тиімді шаралар қабылданды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz

Вице-министр соңғы жылдары қолайсыз ауа райы жағдайлары мен дәнді дақылдардың ауруларының көп таралуына байланысты астық сапасы нашарлағаны байқалғанын атап өтті. Сондай-ақ 2014 жылы элиталы тұқымдарды субсидиялаудың алынып тасталуы мен оларды субсидиялауға минималды нормаларды орнатуға байланысты ауыл шаруашылығы өндірушілері сапалы тұқымдарды сатып алуды қойды, себебі минималды нормалар бойынша төленетін субсидиялар олардың шығындарын ақтамайтын болды.

Биыл осы жағдайды түзеу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданды, солардың ішінде: бірегей және элиталы тұқымдарды субсидиялау қайта қалыпқа келтірілді, тұқымдарды субсидиялаудың минималды нормалары алынып тасталды, тұқым шаруашылығын қаржыландыру көлемі басымдықтарды қайта қарау есебінен, алдында бекітілген бюджет аясында 2 есеге – 3,7 млрд-тан 7,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Соның нәтижесінде, 2017 жылы сапалы тұқымдар егістігі 1,5 есеге ұлғайтылды. Элиталы тұқымдарды пайдалану көлемі 68%-ға өсті, ал төменгі сапалы тұқымдарды пайдалану 1,6 есеге қысқартылды.

Өз кезегінде, тұқым өсіру шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасына жасалған талдау нәтижесінде 370 бірлік тұқым өсіру техникасын жаңарту қажеттілігі анықталды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасында түбегейлі жақсарту жұмыстары үшін 2018 жылдан бастап тұқым өсіру техникасына жұмсалатын шығындарды өтеу нормативін 50%-ға дейін ұлғайту қарастырылған, бүгінде ол 25%-ды құрайды. Бұл алдағы үш жыл ішінде тұқым өсіру техникаларын толықтай жаңартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр тыңайтқыштарды пайдалану мәселесіне тоқталып өтті. Тыңайтқыштарды субсидиялаудың бұрынғы тетіктері оларды қажетті көлемде пайдалануға сұраныс тудырмайтын. Соның салдарынан оларды қолдану орта есеппен қажеттіліктің 10%-нан аспайтын. Осыған орай 2017 жылдан бастап тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа сұлбасы енгізілді, онда нақты мәніндегі нақты нормативтер бекітілген.

Бүгінгі таңда 309 мың тонна тыңайтқыш сатылып алынған, бұл 2016 жылы 261 мың тоннаны құраған жалпы көлемнен көп. Жыл қорытындысы бойынша соңғы бірнеше жылда алғаш рет тыңайтқыштарды пайдалану қажеттіліктің 14%-ын құрайды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар