Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Орынды ойлар өрілген бағдарлама

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның Яс-На­дь­кун-Сольнок облыс­тық кеңесінің төрағасы Шандор Ковачтың Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев­қа жаз­­ған хатын­да Қазақ­стан­­ның ру­­хани жаңғыру туралы ең­бегіне жо­ғары баға беріліп, өз пікір­ле­рін жазыпты.

Орынды ойлар  өрілген бағдарлама

«Биыл «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруын» орындау басталып, осыған сәйкес, Қазақ­стан өз тарихының жаңа кезе­ңі­нің алдында тұрғанын біл­дім. Жаңару маңызды екі бағытты: саяси реформа­лар мен экономиканы жаң­ғы­р­туды қамтиды. Жоба Қазақ­станды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосуды мақсат етеді екен. Атал­ған мақсатқа жету жолында ұлттық біре­гей­лік, тарихи және мәдени тамырын білу, сол арқылы шыққан тегін қорғау және құрметтеу ерекше маңызға ие. Мен сіздің  өткенді біліп, тарихты егжей-тегжейлі оқып, дәстүрді сақтап және ата-бабаларды қорғағанда ғана бүкіл жаң­ғы­рудың сәтті болатыны жө­нінде айтқан пікіріңізбен толықтай келісемін. 

Жаңғырудың әр адамды қамтуы, сондай-ақ, бәсекеге қабі­лет­тілікті арттыруы әлем­ге деген көз­қарасымыз бен қалыптасқан ұғымдарды өзгертеді. Өзінің ұлттық тепе-теңдігін білудің мәні зор. Осы орайда сіз, Президент мырза, мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, тамыры тереңге кеткен мәсе­ле­лерден бас тарту керек екенін орынды еске саласыз», депті ол өзінің хатында.

Хатының соңында Шан­дор Ковач: «жас ұрпақ­қа негізделген сіздің жаңғыру жоспарыңыздың алға қойған мақ­сатына жетуіне тілек­теспін. Әлемнің дамы­ған 30 елінің қатарынан көрі­ні­ң­іздер», деген ізгі тілегін білдіріпті.