ОҚО баламалы энергия көздеріне әлеуеті мол

Әлемдегі өндірістердің көбеюі мен халық санының өсуі энергияға деген сұранысты еселей арттыра түскені мәлім. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында энергия өндіруде атмосфераны зиянды уландырғыш заттармен ластайтын мұнай, газ, көмір және басқа да қорларды пайдалану қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды ушықтырып жіберуде.
Егемен Қазақстан
18.08.2017 9574

Яғни, елімізде электр энергиясының басым бөлігін жылу және газ-турбиналы электр стансалары өндіріп шығарады. Бүгінде атмосфераның ең ірі ластаушыларына кен өндіру саласы, жылу және электр энергетикасы, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының стационарлық көздері жатады екен. 

Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасыр басында Қазақстан жал­пы экологиялық және эко­но­микалық жағдай шартта­ры­ның бұзылуының жаһандық проб­лемасымен және соның сал­да­ры­нан әлеуметтік әл-ауқат­тың на­шарлау қаупімен бет­пе-бет келді. Сондықтан да бұл қор­даланып қалған пробле­ма­ларды шешудің тиімді жолда­ры­ның бірі елімізді «жасыл эконо­ми­каға» көшіру болып табылады. Осы орайда, елімізде баламалы энергия алу үшін қажетті ресу­рстармен қамтамасыз етілуі тұр­­ғысынан жел, күн және гидро­энер­гетикалық энергияның ең қо­лайлы көздері бар. Маман­дар­дың есебінше еліміздің тео­риялық жел әлеуеті – жылына 1820 млрд кВт сағатқа жуық, ги­дро­энергетиканың әлеуеті – жы­лына 30 млрд кВт сағат, ал күн энергетикасының әлеуеті – жы­лына 2,5 млрд кВт. Бұл орайда, Елбасы ЭКСПО-2017 көрме кеше­ніндегі Конгресс-орталықта өт­кен Астана экономикалық фо­ру­мының пленарлық отыры­сында бүгінгі күні елімізде энерг­е­тикалық саланы жаңғырту то­лық қарқынмен жүргізіліп жат­қанын атап өтті. «Қазірдің өзін­де жаңғырмалы энергия кө­зін өндіретін жиынтық қуаты 300 мВт-ге тең елу кәсіпорын бар. Соңғы он жылдың ішінде та­биғат­ты қорғау шараларын жү­зеге асыру есебінен ауаны лас­тай­тын заттар шығарындысы 13 пайызға, ілеспе мұнай газының шы­ғарындысы 70 пайызға қыс­қарды», деді Н.Назарбаев.

Халық тығыз орналасқан Оңтүстiк Қазақстан облысындағы жағдай туралы айтар болсақ, республикада энергия барынша тапшы өңiр ретінде аталуда. Облыс тұтынатын энергия мөлшерiнiң 60 пайыздан ас­та­мын өзге өңірлерден тасымал­дауда. Сол себепті де тариф жо­ғары. Бұл қарапайым тұты­ну­­шыларға да, шағын және орта биз­­нес өкiлдерiне де ауыр­тпа­лық түсiрiп отыр. Өз кезе­гін­де, Оңтүстiк Қазақтан облысы республикадағы баламалы энергия көздерi (жел, күн, кi­шi гидроэнергия) бойынша ең әлеу­еттi өңiр болып есептеледі. Осын­дай мүмкіндіктерді саралау мақсатында өңірде алдын ала техникалық-экономикалық не­­гіздеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде Оңтүс­тік Қазақстан облысы аумағында жи­ынтық қуаты 120 МВт-ны құ­райтын тиімді гидро­энер­ге­ти­ка­лық әлеуеті бар 43 нүкте анық­тал­ған. Облыс аумағынан 122 өзен ағады, 41 су қоймасы бар. Қазіргі уақытта өңірдегі кәсіп­орын­дар мен тұрғындардың электр энер­гия­­сын жылдық тұтынуы шамамен айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт-ы (29 пайыз) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71пайыз) Қазақстанның басқа өңір­лерінен сатып алынады. Бұл өз кезегінде электр қуатының баға­сына әсер етіп отыр. Шағын электр стансаларының салынуы және іске қосылуы сырттан тасымалданатын қуатты шамамен 42 пайызға қысқартады екен. Сондықтан бүгінгі таң­да гидроэнергетикалық саланы да­мыту және шағын су электр стансалары жобаларын қар­жыландыруға инвестиция тар­ту маңызды. Тасымалдау пайы­зы­ның көрсеткіші өзгеруіне об­лыстың негізгі электр энергия өндіруші ұйым «Шардара су электр стансасы» АҚ-та жүр­гізіліп жатқан жаңғырту жұ­мыс­тары оң септігін тигізері анық. Жаңғырту толығымен аяқ­талғаннан кейін Шардара су электр стансасының белгіленген қуа­ты 100 МВт-тан 126 МВт-қа өседі. 

Шағын электр қуаты көздерін орнату бойынша алдыңғы жылда­ры Түркия, Израил, Германия, Польша мемлекеттерінің өкіл­дері жобаларға қатысуға ниет білдірген болатын. Алдын ала айта кетелік, кей жоба тиісті министрлік тарапынан қолдау тап­пады. Мысалы, өткен жы­лы жергілікті бұқаралық ақпа­рат құ­ралдары «Шымкент» әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік корпорациясы» «ұлт­тық компаниясы» АҚ-тың мәліметтеріне сүйене отыра, Түл­кібас ауданындағы Машат өзе­нін­де екі шағын ГЭС салу үшін түркиялық «Endustriyel Elektrik» компаниясымен бірлескен кәсіп­орын құрылғанын жария еткен болатын. Жобалық құны 2,1 млрд теңге, қуаттылығы 4 МВт бола­тын жоба халықаралық ере­жеге сай жасалғаны да айтылды. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастап, осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, облыс әкімдігі бас­пасөз қызметінің бізге берген мәліметіне қарағанда, қуаты 4 МВт болатын түр­кия­лық «Endustriyel Elektrik» ком­па­ния­­сының екі шағын су электр стан­­сасының жобасы Энергетика министрлігінің «Жаңғырмалы энер­­­гия көздерін пайдалану объ­ек­ті­­лерін орналастыру жоспарына» енгізілмеген.

Жалпы, облыс бойынша гид­ро­энергетикалық жоба­лар­дың бірқатарын «Келес­гидро­құ­­ры­лыс» ЖШС жүзеге асыруда. Се­ріктестіктің бұл салада тәжі­ри­бе­сі бар. Қуаттылығы 1,3 МВт бола­тын алғашқы су электр стан­­сасын серіктестік 2001 жы­лы пайдалануға берген болатын. Бұл шағын ГЭС мыңдаған тұр­­ғындардың сұранысын қам­та­масыз етіп келеді. Ал, одан 13 жыл кейін іске қосылған «Рыс­жан» ГЭС-і 8 мыңға жу­ық үйді электр қуатымен қам­тамасыз етуде. Сондай-ақ, Сары­ағаш ауданы, Келес өзенінің бой­ынан жалпы қуаты 5 МВт бола­тын «Дархан», «Азамат» ша­ғын су электр стансаларының құры­лысына жер телімі бөлінген. «Келесгидроқұрылыс» ЖШС іске асыратын бұл жобаның қа­зір­гі таңда тиісті құжаттары әзір­ленуде. Ал Төлеби ауданында қуа­ты 2,5 МВт болатын «Кеңес» ша­ғын су электр стансасының құ­рылысы жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда облыста жаңғы­р­­малы энергия көздерін дамыту ба­ғы­тында 14 жоба жүзеге асы­ры­луда. Оның ішінде Сарыағаш ауда­нындағы қуаты 2 МВт «Рыс­жан» шағын су электр стансасы­нан бөлек Сайрам ауданында, Шымкент қаласында қуаты 1 МВт-тан «Очистной» және «Ақбай» 2 күн электр стансасы іске қосылған. «Болашақ эне­р­гиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­­дандырылған көрмесі қар­са­ңында Сайрам ауданында қуаты 2,5 МВт «Манкент» шағын су электр стансасы іске қосылған болатын. Жыл соңына дейін Қазы­ғұрт ауданында қуаты 0,975 МВт «Достық» шағын су электр стан­сасы іске қосылады. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы Жүзімдік ел­ді мекенінде «Ветропарк Жүзім­дік» ЖШС қуаты 40 МВт бола­тын жел электр стансасын са­лу­ды жоспарлауда. Жобаға 700 гектар жер телімі бөлінген, тех­никалық-экономикалық не­гіздемесі әзірленген. Қазіргі таң­да жобалау-сметалық құжат­та­ры дайындалуда. Ал Отырар ау­данында «Промондис» ЖШС қуаты 35 МВт күн электр стан­са­сының жобалау құжат­тары әзір­леніп, 2015 жылы мем­ле­кет­тік сараптаманың оң қоры­тын­дысы алынған болатын. 100 гек­тар жер телімі бөлінген жоба­ны кезең-кезеңімен іске асыру жос­парлануда.

Адамзат тіршілігін энергия тұтынусыз елестету мүм­кін емес. Ал энергиямен қамта­ма­­с­ыз етуде экологиялық таза қуат өндіру заман талабы. Ма­мандардың пікірінше, электр энергиясын өндіру көле­мі­нің артуы парниктік газдар шыға­рын­ды­ларын ұлғайтпауы тиіс. Яғни, елі­мізде жаңа технологияларды ен­гізудің, қуат стансаларында жа­ңғырмалы энергия көздері мен газды генераторлар үлесін арттырудың, электр энергиясын «жоғалтуды» төмендетудің, жасыл экономиканы дамытудың маңызы зор. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

18.07.2018

Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды

18.07.2018

Шекара туралы толғау

18.07.2018

Қытай елінің айшықтары

18.07.2018

Тұманды сейілткен «Талан

18.07.2018

Мағжанның «Батыр Баяны»

18.07.2018

Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті

18.07.2018

Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия үздіктері көп үлгілі мектеп

18.07.2018

Семейлік оқушылар дін тарихын оқиды

18.07.2018

«Цифрлы Қазақстан» үлкен мүмкіндіктер сыйлайды

18.07.2018

Батыс Қазақстан облысында екі мектеп пайдалануға беріледі

18.07.2018

Жауын жастана жантайған Жабағы батыр

18.07.2018

Сынақтар шежіресінен сыр шертеді

18.07.2018

Әліпби – жазуымыздың іргетасы

18.07.2018

Малдәрігерлік қызмет уақыт талабына сай ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу