Қазақстан • 18 Тамыз, 2017

Жалғызбасты ананың тауқыметі

888 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Біз онымен ауруханада таныстық. Ұялы көздерінен мейірім тө­гіліп тұратын иманжүзді әйел екен. Қара торы өңіндегі қап-қара меңі де әдемі жарасқандай. Невропатолог дәрі­гер оған да дене шынықтыру жаттығуларын жасауға бұйы­рып­­ты. Нұсқаушы-медбике түрлі жаттығулар жасатқаннан кей­­ін бір мезгіл демалдырады. Сондай бір сәтте би билеу төңі­регінде әңгіме бола кетті. Ол бала кезінен биді жақ­сы көр­генін, тіпті студент кезінде Мәскеу сахнасында биле­ге­нін айтып қалды. Медбике де іліп алып, «биді неге тастап кеттіңіз?» деді. «Тағдырым мені биші етпеді, басқа арнаға са­лып жіберді» деді жәй ғана. Медбике «ол қандай тағдыр?» де­гендей ынтыға түсті. Ішкілікке салынған күйеуінің қайтыс бол­ған әйелінен қалған ауру балаларды бағып жеткізгенінің шет жағасын ғана айтқанда, медбике Татьянаның шарасынан шыққан көзі боталап, жасқа толды.

Жалғызбасты ананың тауқыметі

Сөзге тартпасаң, әңгімеге сараңдау, өзін тым қарапайым ұстай­тын әйелдің тағдыры мені де қызықтырды. «Бүкіл елге жа­рия етіп қажеті қанша?» деп, менің ұсынысымды әуелде қа­был­­дамады. Ақырында, «мен ана­мын ғой, еңбегімді міндет ет­пеймін, тек балаларымның жү­ре­гін ауыртып алармын деп қорқамын, мүмкін аты-жө­нім­ді өзгертсеңіз» деді. Ол шын­дық­ты айтуға, мен атын өз­гер­тіп алуға келістік. Оны шын есі­мінен алыстатпай Гүл­ба­рам деп алдым. 
– Қияндағы Науырзым ауда­нында өстім. Мектепті бі­тір­­ген соң, күйеуге шықтым. Тұз-дә­мі­міз жараспай, бір қыз тап­қан­нан кейін ажырастық. Оның ұсынысымен мен алимент­тен, ол баладан бас тартты. Қос­танайға келіп, Механика-тех­ни­калық техникумға түсіп, элева­торда лаборант болып іс­теп жүргенімде, екінші күйеуі­м-
­мен таныстым. Оның әйелі қай­тыс болған екен, екі баласы қа­лып­ты. Бірде жол жүретінін ай­тып, үш жасар қызын қарай тұруға әкеп берді. Бала маған бірден «мамалап» жүгіріп, мойнымнан құшақтап алды. Үш жасар сәбиде ешқандай кү­тім жоқ, ауыратыны көрініп тұр. Баланы аяп, менің де ішім езі­ліп кетті. Содан көп ұзамай, 1988 жылы оған тұрмысқа шық­тым. 1989 жылы кіші ұлы­мыз дүниеге келді. Көп ба­лалы отбасы болып шыға кел­дік. «Менің қызымды, сенің ба­ла­ларыңды бір фамилияға жа­зайық» деп, оның екі баласын атыма жазып, бауырыма сал­дым. Біз қосылғанда ұлы төрт жасар екен, бірақ әлі тілі шық­папты, ал қыздың бүйрегі ауыр­ады әрі энурез. Мен жаңа босағаны аттасымен екі баланы дәрігерлерге қаратуды бастадым. Баланың тілі шықпауы құлағының ауыратынынан екен. Құлағын емдеген соң, ұлымның тілі шығып, сөйлей бастағанда қуанышымда шек болсайшы. Қызымның да бүйрегін 12-13 жас­қа келгенше қаратумен бол­дым. Әйтеуір тәуір болып кетті. Психологтар ұлдың дамуы тежелгенін айтқан соң, арнайы мектепке беріп, онда 2-3 жыл оқытып, қазақ мектебінің бі­рінші сыныбына тапсырдым. Орыс мектебінің бастауыш сыныбында оқитын екі қызымды да қазақ мектебіне ауыстырдым. Үшеуі қол ұстасып, мектепке бірге барып, бірге келеді. 
Егер күйеуім ішпегенде, көзіме шөп салмағанда бізден ба­қытты отбасы болмас еді. Үй­ленген соң 2-3 ай өтпей-ақ ол үйге қонбайтынды, ішіп ке­летінді шығарды. Бала­лар­мен ісі жоқ, бара-бара апталап кетіп қалуды шығарды. Оның менен бұрын тұрған, ішкілікке әуес әйеліне ба­рып жүргені белгілі болды. Алып келейін деп артынан барып, есік алдында жылап ұзақ отырып, қайтып жүрдім. Бұл аздай 90-шы жылдардың ауырлығы басталды, тұрмыс қиындады. Енді оның айлық жа­лақысын да көрмейтін болдым. Балалар ауыра берген соң, лаборанттық жұмыстан да шығып, жатақханаға комен­дант болып орналасқан едім. Ол жатақхана да жабылып, ко­мен­данттық жұмыстан да айыры­лып қалдым. Балалар аш, кі­ші балам бір жастан енді асқан. Амалсыз оны 7-8 жасар және 5 жасар екі қызға тас­тап, өзім жұ­мысқа шықтым. Таныс­та­ры­мнан қарызға килолап ұн сұ­рап алып, нан, ішіне картоп, капуста салып, бүкпе, бау­ыр­сақ пісіремін де, базарға алып шы­ғып сатамын. Күніне нан­дық, әрі кетсе май алатын ға­на пұлымды табамын. Шай­ға ақша шығармаймын. Же­ке үйлердің ауласында кө­ше жақ­қа жалбырап өскен шие, қарақат, таңқурай болса, со­лар­дың сабақ-жапырақтарын жұ­лып әкеп, үйге кептіре беремін. Ба­ла­ларға соны шай орнына қай­натып беремін. Мен келген­ше екі кішкентай қызым баланы алдандырып отырады. 
Балаларым да өсе бас­тады. Бірақ одан маған же­ңіл­дік болған жоқ. Күйеуім ішуін үде­те берді, арасында мені ұра­тынды шығарды. Бала­лар­дың киімі, тамағы өсті. 90-жыл­дардың аяғында, 2000-­жылдардың өзінде қалада жа­сы­рын наубайханалар болатын. Қожайынмен ешқандай құ­жатсыз, келісім шартсыз өзі­міз келісіп, соған жұмысқа тұрдым. Менің бір өзімді түнде наубайханаға қамап кетеді, 6-7 қап ұнды таң атқанша илеп, ашытып, нан пісіріп қоя­мын. Таңертең 600-ден аса бөлке нанды саудаға алып кете­ді, мен екі бөлке нанымды құшақтап үйге келемін. Қо­жайын дүкенінен макарон, май, ептеп қант алуға рұқ­сат етті. Мен әлсірей бастадым, бірақ жұмыстан айырылып қалмас үшін жанұшырып істеп, бәрібір таңертең нанды даяр етемін. Бір күні ауылдан сіңлім мен анам келді. Олар менің түрімнен шошып кетті. «Бүгіннен қалмай дәрігерге ұш, қансырап өліп қаласың» деді сіңлім. Мені дәрігерлер бір­ден ауруханаға салды. Бала­ларды уайымдап, күнімен-түнімен жылаймын. Екі қызым ол кезде 7-ші, 5-ші сынып оқып қалған, екеуі маған жаяу ке­леді. Үйдегі қатқан нанды жі­бітіп, оны илеп, бетіне шөп-шалам сеуіп, «пицца» пісіріп әкеліпті. Бірте-бірте уақыт тү­зе­лді, балалар да өсті. Мен бір мейрамханаға ыдыс жуушы болып кірдім. Түнімен ыдыс жуамын, одан тамақ пісіруге жұмсады. Мейрамханадағы қалған-құтқан тамақты үйге, балаларыма таситын болдым. Міне, сол жұмысымда әлі күнге істеймін. Аллаға шүкір, қазір үйге тамақ тасымаймын, жақсы аспаз болып алғанмын. Балаларым өсті, үйленді, немерелер бар. Бірақ зейнеткерлікке шығу үшін жұмысқа барамын. Үлкен ұлым «немерелеріңмен үйде отыр» деп кейиді, – деп ол жымиып қойды. Оның жымиысында тауқымет көрген әйелдің шағымы емес, бақытты, мықты әйелдің кейпі бар еді.
– Мен күйеуіммен кіші ұлым он жастан асқанда ажырастым, – деп әңгімесін жалғастырды Гүл­­барам. Біреумізді жазым ете ме деп те қорықтым. Бізден кет­кен соң басқа әйелдермен тұр­ды, олардан да ажырасты, Ұзын­көл ауданында інісінің, бір­де қарындастарының боса­ға­сында жүр. Бірақ ұлда­рыма: «Сендер ұлсыңдар, ұл­ға лайық іс істеңдер. Ол не­де болса әкелерің, тірі болса қолдарыңнан келгенше сыр­тынан қамқор болыңдар, өліп қалса, қою да сендердің мой­ның­да», деп отырамын. Екі ұлым оны әкеліп, дәрігерге сүй­реп, наркологиялық диспан­сер­ге апарып жүреді. Ішкенін бә­рі­­бір қоймайды, ұлдарды да шар­шатады. 
Екі қызым бүгінде Астанада тұрады, әлі тұрмыс құрған жоқ. Үл­кені жақсы қызметте, бір колледждік, екі жоғары білімі бар, кішісі колледж бітірсе де, өзінің таңдауымен шаштараз-визажист болып істейді. Кі­ші қызым ерке, күніне бір те­лефон шалып, менің дауысым­ды естімесе болмайды. Екі ұл­дан төрт немерем бар, оларды бір-екі күн көрмесем олар да, мен де тұра алмаймыз. Төрт бала өте тату болды, олар үшін өгей деген сезім жоқ. Бір біріне әлі күнге жанын беріп отырады. Екі ұлдың да тұрмысы жаман емес, белгілі жұмыстары бар. Ал келіндерім алтын. Одан басқа теңеу таба алмаймын. Ме­нің інілерім «келіндеріңнің жақсы болып кездескені сенің еңбегіңе Алланың берген марапаты ғой» дейді. 
– Гүлбарам, өміріңе өкі­не­сің бе? – деген сұрақтың иіні ке­ліп-ақ қалды. Ол бір сәт үнсіз қалды. 
– Қалай болғанда да өмір өтіп жатыр ғой, өкініш жоқ, бі­рақ арман бар. Екі ұлдың да тойында құда-құда­ғи­ларымның қасында өзім ж­а­бырқап жалғыз тұрдым. Әке­сімен бала өсірген әйелде де арман бар ма екен деймін, – деді ол. 
Сәнді киінген Гүлбарамды көшеде кездестірген сайын ол маған әйелдің сұлуындай көрінеді. «Біз батырды алыстан іздейтін сияқтымыз-ау» деген ой келеді маған. Оның өңін бермейтіні, қартаймайтыны да таңғалдырады. Сол баяғы би билеуді ғана армандайтын, пәк қалпы секілді, бір сүйкімділік есіп тұрады. 
 
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ