Өңірдегі бірқатар аудандарда жауын-шашын 12 тамыздан бері толастамай келеді. Жергілікті билік 11 мыңнан аса адамды қауіпсіз аймаққа көшірді.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан көптеген құрылыс нысандарына зақым келген, кейбір елді мекендер электр қуатынсыз қалған.
Синоптиктердің болжамынша, өңірде жауын-шашын әлі бірнеше күн жаууы ықтимал.