Бокс • 20 Тамыз, 2017

Жақиянов әлі жеңіліп көрмеген ирландық боксшымен жұдырықтасады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA супер және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем жеңімпазы, EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы Жанат Жақиянов шаршы алаңда 27 кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татқан. 18 кездесуін нокаутпен ұтқан.

Жақиянов әлі жеңіліп көрмеген ирландық боксшымен жұдырықтасады

Енді ол 21 қазанда IBF тұжырымының чемпионы, 17 кездесудің бәрінде мерейі үстем болған ирландық Райан Барнеттпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында, яғни Райанның туған жерінде өтеді. Жеңімпаз екі нұсқа бойынша чемпиондық атақты иеленеді.

Петропавл теміржол вокзалынан шетелге аттанып бара жатқан Жанат БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, алдағы жекпе-жек жайлы өз ойымен бөлісті.

«Менің қазіргі басты мақсатым – Англияда өтетін 9 апталық жаттығуларға тыңғылықты дайындалу. Болашақ қарсыласыма келетін болсақ, оны көптен бері білемін. Талай рет спарринг кездесулер өткізгенбіз. Қимылы жылдам, жақсы қорғана біледі. Ашық жұдырысқанды ұнатады. Барлық айла-амалдарымды қолданып, осал тұстарын табуға тырысамын», – деді жерлесіміз.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар