Аймақтар • 20 Тамыз, 2017

Петропавлда 28 қыз әскери кафедраны бітіріп шықты

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасын 28 қыз тәмамдап, офицер шенін алып шықты.

Петропавлда 28 қыз әскери кафедраны бітіріп шықты

Еңселі білім ордасында әскери кафедра жиырма жылдан бері жұмыс істейді. Биыл оның қабырғасынан офицер қыздар бірінші рет түлеп ұшты.

«Осыдан екі жыл бұрын әскери кафедраға қыздар да қабылданған болатын. Осы уақыт бедерінде олар өздерін психологиялық, тактикалық шеберлігі, атыс қаруларын меңгеру жағынан жоғары дайындықтарын көрсете білді. Мемлекеттік сынақ емтихандарынан мүдірмей өтті», – деді ант қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзінде әскери кафедраның меңгерушісі, полковник Совет Әлжапаров.

Лейтенет шенін алып шыққандардың бірі Диана Жетпісованың айтуынша, ант қабылдау, Отанға қызмет ету ол үшін басты мұрат болып табылады. Карина Айтмағанбетова жас кезінен әскери қызметкер болуды армандапты. Әскери әзірліктің талаптарынан ойдағыдай өткен ол әскери психолог болуды мақсат етіп отыр.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы