Жәрмеңке сағат 17:00-ге дейін өтеді, қала тұрғындары мен қонақтары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеде отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасының түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.
Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 50%-ға дейін, мектеп формасы 10%-дан 20%-ға дейін, аяқ киім 10%-дан 25%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда.
Жәрмеңке аясында Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдени-сауықтыру бағдарламасы әзірленіп, шығармашылық ұжымдардың концерті мен қуыршақтар театрының қойылымы қойылды.