Қазақстандық боксшы америкалық Кертис Хиллмен жұдырықтасты. Қос боксшының да бұрын-соңды жеңіліп көрмегенін айта кеткен жөн.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің төртінші раундында Әли қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша, отандасымыз жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алды.
Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған.