15 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №484-IV

316 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толық­тырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушы­лық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жариялан­ған «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу тура­лы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақ­стан Рес­публикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жариялан­ған «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне халықтың көші-қоны мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында 375-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «375-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу»; 2) 311-1-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің)» деген сөздер «партиялардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 374-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «дiни бiрлестіктердiң,» деген сөздер алып тасталсын; 4) 375-бап мынадай редакцияда жазылсын: «375-бап. Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу 1. Мыналарға: дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге; қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруға; діни әдебиетті және діни мазмұндағы (мақсат­тағы) өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға; ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлер­ді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимарат­тары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын Қазақстан Республика­сының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу – жеке тұлғаларға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердің басшыларына – жүз айлық есеп­тiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қыз­метiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты дінге көзқарасы себебі бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қайсыбір дiндi ұстанушылар тәу ететін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндал­ған барлық іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айып­пұл салуға әкеп соғады. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тіркеусіз (қайта тіркеусіз) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық мате­риал­дарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы – Қазақстан Республикасының азаматтарына – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетел­дiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жүз айлық есептiк көрсет­кiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Діни бірлестіктің өз жарғысында (ереже­сiнде) көзделмеген қызметті жүзеге асыруы – лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айна­лысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызме­тіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қыз­ме­тіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функция­ларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы - жеке тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсет­кiш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыла­рына – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлше­рін­де, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйым­дарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылым­дарын құру – лауазымды адамдарға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, мемлекеттік органдар­дың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 7. Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшы­сының кәмелетке толмағанның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қар­сылық білдірген кезде діни бірлестіктің қызме­тіне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермейтін шаралар қолданбауы - Қазақстан Республикасының азаматтарына – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Респуб­ликаның шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 8. Діни бірлестіктің Қазақстан Республи­касының заңнамалық актілерінде тыйым салын­ған қызметті жүзеге асыруы, сол сияқты діни бірлестіктің өз қызметін тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы – лауазымды адамдарға және діни бірлестік­тердің басшыларына – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олар­дың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 9. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшы­ларына – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың қызме­тіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақ­шасының елу тоғызыншы абзацындағы «(147-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөздер «(147-бап)» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын: «діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (374-1, 375-баптар) уәкілетті лауа­зымды адамдарының құқығы бар;»; 6) 730-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Кодекстiң 102-3, 374 (алтыншы бөлігі), 375 (үшінші, жетінші бөліктері), 380 (екінші бөлігі), 380-2 (екінші бөлігі), 394 (төртінші бөлі­гі), 396 (төртiншi бөлiгi) -баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.». 2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыр­күйектегi Қазақстан Республикасының Кодек­сiне (Қазақстан Республикасы Парламен­тiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат­тар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 182-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмірі мен денсау­лығына зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (жа­сауына) жол берілмейді.». 3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiр­кеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақ­стан Республикасының Заңына (Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парла­мен­тiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құ­жат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құ­жат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құ­жат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жыл­ғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлес­тiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»; 2) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлік­пен толықтырылсын: «Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.». 4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Рес­публикасының Заңына (Қазақстан Республи­касы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат): 19-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мына­дай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық бiрлестiктер олардың жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құ­рылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақ­стан Республикасының азаматтары тобы­ның бастамасы бойынша құрылады.». 5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыз­дағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршы­сы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат): 19-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығарма­шылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.». 6. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Рес­публикасының Заңына (Қазақстан Республи­касы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат): 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында құрыл­ған дiни бiрлестiктер мен миссионерлердiң қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi, өз құзыретiне жата­тын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады, Қазақстан Респуб­ликасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелердi қарайды, Қазақстан Республика­сының экстре­миз­мге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын бұзатын дiни бiрлестiктердiң қызме­тiне тыйым салу туралы ұсыныстар енгiзедi;». 7. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Респуб­ли­касы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат): 27-бапта: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редак­ция­да жазылсын: «2) тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндіз­гі білім алатын азаматтарға оқитынын растайтын құжаттарды ұсынған кезде бiр жоғары оқу орнын бiтiргенге дейiн;»; 5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редак­ция­да жазылсын: «5) дiни дәрежесі бар әскерге шақырылу­шыларға дiни қызметi кезеңiне;». 8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйе­сін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 27-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) шет елдерге діни оқу орындарында оқу үшін жіберуге байланысты заңды тұлғалардың қызметі.». 9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республи­касының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құ­жат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақ­стан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ­стан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республи­касының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ­стан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республи­касының Заңы): 1) 76-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекет меншiгiндегi және тарих пен мәдениет ескерткiшi болып табылатын ғиба­дат үйлерiн (ғимараттарын) және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге өтеусiз пайдала­нуға берген жағдай­ларда мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.»; 2) 118-баптың 2-тармағы алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланға­нынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті   Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы қазанның 11-і.         №484-IV ҚРЗ