Өрт сөндіру эстафетасы әрқайсысы 100 метрлік 4 кезеңнен құралып, спортшылар қолдарында эстафеталарымен (өрт сөндіру оқпаны) төрт кезеңді жүріп өтті. Бірінші кезеңде спортшылар үйшіктің шатырына тетік-сатының көмегі арқылы көтерілсе, екінші кезеңде 2 метрлік дуалдан өтті. Үшінші кезеңде түтікқұбырды қосақтап, бумнан жүгіріп өтіп, түтікқұбырды өрістетілуге жалғайды және оны жолаққа орналастырды. Мәреге жетер – төртінші кезең көріністік қозғалыспен аяқталды – қатысушыларға өрт сөндіргішпен жайпақ тетіктегі жанып жатқан сұйықтықты сөндіру міндеттелген.
Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық сынақта бірінші орынға 1:00:12 нәтижесімен Маңғыстау облысының командасы ие болды, екінші орынды1:00:49 нәтижесімен Павлодар облысының командасы, үшінші орынды 1:00:68 нәтижесімен Астана қаласының құрама командасы алды.
Чемпионаттың бірінші күнінің аяқталу шегінде Қазақстан Республикасы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың директоры Д. Данаев барлық командалардың қатысушыларын, сайыскерлер мен жаттықтырушыларын үздік спорттық нәтижелер үшін, әділ сайыс пен жігерлілік танытқандары үшін, жарыстың алғашқы күні жоғары ұйымдастырушылық дәрежеде өткендігін атап отырып, алғысын білдірді. Спортшылар, жаттықтырушылар, жанкүйерлер, көрермендер – осы орасан зор шараға қатысқандардың барлығы өздерін үлкен және үйлесімді командалардың қатарынан сезінді, делінген баспасөз хабарламасында.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы