Ұлттық спорт • 27 Тамыз, 2017

Көкпардан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

1003 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бүгін көкпардан әлем чемпионатының шешуші кезеңі өтті. 

Көкпардан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Халықаралық спорт додасына 11 командадан (Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ,Моңғолия, Ресей, Ауғанстан) 300-ге тарта көкпаршы қатысты. Нәтижесінде  Тәжікстан мен Қытай құрамаларының кездесуі 2:1 есебімен аяқталып, жеңіс Тәжікстан құрамасының қоржынында қалды. 

Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өткен тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді.  

Еске сала кетсек, көкпар ойынынан халықаралық чемпионател тарихында тұңғыш рет болып өтті. Сайысқа түркі тілдес елдермен бірге АҚШкомандасы да қатысты. Тартысты чемпионаттың қола жүлдесін Тәжікстан командасыұтып алды. Жалпы жүлде қорына 18 млн тігілген.