Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Ақсу қаласында мектеп оқушыларына көмек көрсетілді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу қаласындағы Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Еуроазияттық энергетикалық корпорация» АҚ  жалып, жыл сайын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға, мүгедек және жетім балаларға қолдау көрсетіп келеді. 


Ақсу қаласында мектеп оқушыларына көмек көрсетілді

Корпорацияның вице-президенті Татьяна Носачеваның айтуынша, биылғы жылы  Үштерек, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдарға қарасты 5 мектептің 292 оқушысы жаңа оқу жылының алдында корпорация атынан  арнайы мектеп формасы, спорттық костюмдар, қысқы киімдер, кеңсе тауарлары берілді. Және де  кәсіпорында еңбек теіп жүрген  көп балалы энергетиктер отбасыларына да материалдық  қолдау көрсетіп, қосымша 25 мың теңге көлеміндегі қаражат бөлді.

Ал, корпорацияға қарасты  екібастұздық «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің әкімшілігі және көсіподақ комитеті жұмысшылардың балалары үшін Білім күніне орай спорттық шаралар өткізуде. Сонымен бірге, корпорация қамқорлығындағы «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілеріне кәсіподақ комитеті 100 мың теңге бөлді. Жазғы демалыс кезінде корпорациясы әкімшілігі кәсіподақ комитеттері  Баянауыл табиғи паркіндегі «Қарлығаш» және «Discovery» (Бурабай) аймағына жұмысшыларының балаларына  255 жолдама сатып алып беріпті. Мысалы, 200-ге жуық бала кәсіпорынның Ақсудағы емдеу-сауықтыру кешенінде денсаулығын жақсартса, 745 балаға жолдама кәсіпорнының «Жасыбай» демалыс үйіне берілді.  

Кәсіпорынның балалар жазғы демалысына, «Мектепке жол» шарасына деген үлесі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына ықпалын тигізіп, іскерлік жауапкершілігінің  үлгісі. Қазір Еуразиялық Топ (ERG) бастап өңірде «Туған жер» атты моноқалалардың жергілікті тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан

Суретті түсірген: Елена Гаркава

Соңғы жаңалықтар