Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәлімтеттерінше, бұл облыс орталығындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ, №1,№2 жылу электр орталықтары, KSP Steel, ПМХЗ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Еуразиялық энергетикалық корпорациясы, «Кастинг» кәсіпорындары. Сондықтан, осы алып кәсіпорындардың қоршаған ортаға тизігетін зиянын анықтау үшін өндірістік жұмыстар күндізгі және түнгі уақыттарда жүргізіліп, 11 элемент бойынша 7520 сынама алынады.
Өңірде өнеркәсіп, түсті және қара металлургия, электр, жылу энергиясы, мұнай өңделіп, глинозем өндіріледі. Өндірістер қажет-ақ, бірақ, бұл кәсіпорындардың дамуы өңірдің экологиялық жағдайына зиян келтіруде. Елімізде қоршаған ортаға зиянды заттардың жүз пайызға жуығы облыс үлесінде болса, облыс орталығында 26, Ақсуда 24, Екібастұзда 33 пайыздан келеді.

Басқарма тарапынан өнеркәсіптік аумақтағы ауаның сапасын бағалау жұмыстары тәуліктің түнгі уақыты ескеріліп, ауаның сапасы анықталуда. Ал, «Сынамаларды алу бағдарламасына» жыл сайын өзгерістер енгізіліп тұрады. 2015 жылы өндірісті үш қалада тексерістер жүргізіліпті. Нәтижесінде сарапталатын элементтердің шекті нормадан асуы Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «KSP Steel» кәсіпорындарында анықталыпты. Кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қолға алынып, шамамен 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салыныпты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»