
Тәуелсіздігімізді тұғырлы, бірлігімізді ғұмырлы етіп, қоғамдағы тату өмірдің қағидасын қалыптастыратын да осы құжат. Сондықтан бұл күннің маңызы еш мерекеден бір саты да төмен емес. Тәңірден тәлейімізге бұйырған тәуелсіздігіміздің тәтті таңының атқанына да аттай 25 жыл толды.
Осы жылдар ішінде жаңа әрі қуатты мемлекеттің қалыптасуы үшін қаншама қажырлы еңбек жұмсалып, тәуекелді бастамалар жасалды. Кез-келген елмен иық тірестіріп, тереземіз тең дәрежеде сөйлесе алатын жағдайға жеттік. Отанымыз татулық пен ынтымақтың киелі бесігіне айналды. Мұның бәрінің ойдағыдай іске асуына тайға таңба басқандай етіп жазылған ардақты Ата заңымыздың тигізген ықпалы зор деп айтар едім.
Себебі, мемлекет дамуының қай саласында болсын темірдей тәртіп пен ортақ заң болмаса алға қарай жылжу мүмкін емес. Өндіріс те, руханият пен экономика да Ата заңның аясына бағына отырып дамиды. Мектеп табалдырығын имене аттаған әрбір жас бастауыш сыныптың қабырғасында жүрген кезде-ақ Ата заңның, ана тілдің қасиетін бойына дарытуы тиіс. Ата заңын ардақтаған азамат, ата салтын да құрметтей алады. Тұмардай қастерлі құжаттың құндылығын әрбір жас ұрпақ сезінсе, жан дүниесімен ұғынса деймін.
Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстанның Еңбек Ері